4.1 C
Алматы
Пятница, 6 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкенттегі ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

    Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді. Бұл
    шешімді Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдап отыр.
    Осылайша, ХҚО азаматтарды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін
    қабылдайдын болды. Сенбі – демалыс.

    Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін
    еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына
    қоңырау шалуға болады.

    Осыған байланысты мемлекеттік қызметтерді алу үшін кезекті сағат 17.30-ға дейін брондау қажет.
    Сондай-ақ, ХҚО басшылығы жергілікті тұрғындардан мекемеге барған кезде қашықтықты
    сақтауды сұрап, медициналық маскаларды тағуды талап етеді.
    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте 7 мыңға жуық түлек ҰБТ тапсыруға онлайн өтініш берген

    Фариза

    Шымкентте жеті айда 1500-ге жуық пәтер пайдалануға берілді

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Тойхана, мейрамхана иелері ғимараттарын провизорлық орталыққа айналдыруға дайын

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.