Суббота, 17 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Халықты сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 30 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуде

    Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы 19 бюджеттік бағдарлама аясында
    жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта бюджеттен 50,9 млрд теңге қаржы қаралған болатын.
    Оның 14,2 млрд –ы республикалық бюджеттен. Ал жергілікті қазынадан 25,8 млрд теңге бөлінген.
    Бүгінде қаралған қаржының 62%-ы игерілді. Басты мәселе коммуналдық жүйені біртіндеп
    цифрландыру жүйесіне көшіру.

    Биыл халықты сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 30 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
    Атап айтсақ, Тұран, Шымкент сити шағын аудандарында 5 ірі жоба қолға алынған.

    Ал кәріз жүйесі бойынша 11, жылу бойынша 15, сейсмонығайту бойынша 12 нысан және
    инженерлік инфрақұрылым бойынша 16,абаттандыру бойынша 13 жоба жүргізілуде. Сондай-ақ,
    қаланың солтүстік және оңтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамту үшін 3 ірі жоба іске
    асырылуда.

    Жыл соңына қарай ауыз сумен қамту 94,7%-дан 95,3%-ға, сапалы электр энергиясымен қамту 93%-
    дан 95%-ға дейін өседі. Ал, жылу жүйелерінің тозу деңгейі 42,7%-дан 38%- ға дейін төмендету
    күтілуде.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жамбылда үш бірдей медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін орталық ашылды

    Фариза

    Тәжді вирусты жұқтырмаудың жолдары қандай? Дерттің дендеуіне қауіпсіздік шараларын қатаң сақтамаған өзіміз кінәліміз.

    Фариза

    Мойынқұмда мал азығы молынан жиналуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.