-3 C
Алматы
Среда, 11 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада провизорлық орталық жабылды

    Қызылорда қаласында 360 орындық провизорлық орталық жабылды.
    Медициналық мекеме індет өршіп тұрған уақытта Қорқыт ата атындағы
    Қызылорда мемлекеттік университетінің 5-ші жатақханасынан ашылған болатын.

    Шілденің 1-і күні жұмыс істей бастаған орталықта 1 айда өкпесі қабынған 1000-ға
    жуық науқас емделді. Енді міне соңғы адам еміне шипа тауып, үйіне қайтты.
    Зейнеткер бұл орталыққа өте ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлердің біліктілігі мен
    қажырлығының арқасында екі аптада денсаулығы жақсарды.

    Айта кету керек, емдеу мекемесінде 200-ге жуық медициналық қызметкер екі
    ауысыммен қызмет еткен. Жатақхана толықтай медициналық құралдармен жабдықталды.
    Бірінші қабатында фильтр кабинеті орналастырылды.

    қатысты посттар

    Сыр еліне дәрілік заттар көршілес мемлекеттерден де жеткізілмек

    Фариза

    Олжас Әбішев 127 млн теңге бюджет қаражат жымқырған болуы мүмкін – БАҚ

    Фариза

    Қызылорда облысында эпидемиологиялық маусымға дайындық басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.