Воскресенье, 28 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында емханалар жоспарлы жұмыстарын бастады

    Қызылордада емханалар жоспарлы жұмыстарын бастады. Бұған дейін
    скринингтік және профилактикалық тексерулер, жоспарлы стоматологиялық қызмет,
    оқушылардың денсаулығын қорғау қызметтері, салауатты өмір салтын ұстану бойынша
    шаралар, психологиялық көмек көрсету уақытша тоқтатылған болатын. Енді бұл
    қызметтер қайта жанданды.

    5 тамыздан бастап облыстық фтизиопульмонология орталығының 120 төсек
    орынға арналған инфекциялық стационары жабылып, 100 орынға шақталған провизорлық
    стационар болып қайта жасақталады. Ал 10 тамыздан бастап көпбейінді қалалық
    аурухананың 210 орынға арналған провизорлық стационары жабылып, залалсыздандыру
    жұмыстары жүргізілгеннен кейін шұғыл және жоспарлы емдеу жұмыстарын бұрынғыша
    жалғастырады.

    Жоспарлы емдеу жұмыстарының қайта іске қосылып жатқаны, аймақтағы
    ахуалдың тұрақталып келе жатқанын көрсетеді.

    қатысты посттар

    Ыстық суға күйіп қалған 8 айлық нәресте ауруханада көз жұмды

    Hayat-Vax вакцинасын алғандар екі жылға дейін жүктілікті жоспарламауы тиіс

    Фариза

    Қазақстанда жыныс ауыстыру операциясы тегін бола ма? Министрлік жауабы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.