-5.1 C
Алматы
Пятница, 20 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Мұрат Әйтенов қалалық диагностикалық орталықтың жұмысымен арнайы барып танысып

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық диагностикалық орталықтың жұмысымен арнайы барып танысып, медицина қызметкерлеріне пандемия кезінде атқарған ерен ебектері мен ерлігі үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар орталықтандырылған медициналық зертхананың жұмысын жоғары бағалады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Аталған орталық Covid-19 эпидемиясына қарсы іс-шараларының ішінде басым бағытта медициналық қызмет көрсеткен. Мамандар науқастардың өкпе қуысының рентген және компьютерлік томография зерттеулерін жүргізген. Ал, ПТР зертханасы жоғары сапалы зерттеу нәтижелерін қамтамасыз етеді. Мұнда Сovid-19 вирусын анықтау үшін 9350 азаматтан сынама алынған.

    Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов орталықтың электронды қызметтерімен танысып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.

    Айта кетейік, заманауи технологиялармен жабдықталған диагностика мекемесі 1990 жылы ашылған. Бұл орталық диагностика және емдеудің өте жаңа, тиімді, инновациялық әдістерін қолдана отырып, консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. 2019 жылы медициналық мекеме ҚР денсаулық сақтаудағы ұлттық сапа стандарттарына медициналық қызметтердің сәйкестігіне өңірдегі медициналық ұйымдардың ішінде бірінші болып жоғарғы санатпен аккредиттелген. Орталықта 38 медициналық мамандық бойынша, жоғары білікті дәрігерлер кеңес беріп, 800-ге жуық диагностикалық, 6000-ға жуық зертханалық қызметтер көрсетіп келеді.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    Фариза

    Жаңа технология — мол өнім кепілі

    Жамбыл облысының әкімі Арыс қаласына барып, өңір штабының жұмысымен танысты

    Пікір қалдыру

    fifteen + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.