13 C
Алматы
Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Қазалыда 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

    Қазіргі таңда Қызылорда облысының Қазалы ауданында 4 пәтерлі 10 кредиттік
    тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.

    Әйтеке би кентінің 5 квартал аумағынан басталған құрылыстың бас мердігері –
    «Мұнай құрылыс» көп салалы құрылыс фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
    Бүгінде тұрғын үй мәселесі еліміздегі ең өткір әлеуметтік проблемалар қатарында.
    Соның ішінде, Қазалы ауданында да баспана мәселесі өзекті. Осы орайда, өз үйіне қол
    жеткізгісі келетін аудан тұрғындарының мәселесін шешу мақсатында қолға алынған бұл
    жұмыс аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысы бойынша
    жүзеге асырылуда.

    Айта кетейік, құрылыстың ұзақтығы – 8 ай. Алайда мердігер мекеме тұрғын үйдің
    құрылысын жылдың аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

    Жоба бойынша бір үйде 4 пәтер қаралған. Әрбір үйде 2 бөлмелі 2 пәтер, 3 бөлмелі
    2 пәтерден бар. Тұрғын үй газ, ауыз сумен, электрмен қамтылады. Әр пәтер дербес жылу
    және ыстық сумен біріктірілген, газ отынды қазандығымен жабдықталады. Жаңа
    баспанаға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кезекте тұрған салымшылар қол
    жеткізе алады.

    қатысты посттар

    Нұрлан Нығматулиннің ұлы «Қазфосфат» ісі бойынша күдікке ілінді 

    Қарағандыдағы үйлердің бірінің дәлізінен екі айлық бала табылды

    Фариза

    «19 рет тұрмысқа шықты». Сириядан оралған қазақ әйелінің әңгімесі

    Пікір қалдыру

    nine + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.