Пятница, 19 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте карантин екі аптаға ұзартылды

    Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев қала бойынша карантинді 3-17 тамыз аралығына дейін ұзарту туралы қаулыға қол қойды.

    Қала тұрғындарына кез келген ауқымды іс-шара ұйымдастыруға тыйым салынады. Үйден шыққан кезде тұрғындар үш адамға дейін серуендеу кезінде маска тағу және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауға байланысты міндетті талаптарды сақтауы қажет.

    Жұмысқа бару және қайту, есік алдында және саябақта, скверлер мен жағалауда үш адамнан артық жиналуға болмайды.  65 жастан асқандар үшін қалада және қоғамдық орындарда жүріп-тұру аталған кезеңде шектеледі. Азық-түлік базарлары жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, ал азық-түлік емес базарлар 06:00-ден 13:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.

    Дүкендер мен супермаркеттер жұмыс күндері 09:00-ден 21:00-ге дейін, ал демалыста 10:00-ден 18:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жеке бақылауына алды

    Фариза

    Қазақстанда демалыс күндері (20-21 маусым аралығында) шектеу шаралары күшейтіледі

    Фариза

    Мәжіліс депутаттары мегаполиске арнайы жұмыс сапарымен келді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.