Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Құрбан айтта 60 мыңға жуық отбасыға ет таратылды

    Қазақстандағы құрбан шалу рәсіміне қатысты ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды Qazweek.kz тілшісі muftiyat.kz сайтына сілтеме жасап.

    «Үйлестіру жұмыстарына бекітілген ҚМДБ қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, өз міндеттерін тиісті деңгейде орындады. Жұмыс барысында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағаланды. Мұсылман қауымының ұлық мейрамында қайырымдылық шарасын жандандыра түсу мақсатында құрылған арнайы жұмыс тобы республика бойынша 58 456 мұқтаж отбасыға құрбандық етін жеткізді. Еліміз бойынша www.qurban2020.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебін қажет еткен жандарға атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі толық жіберілді. Уәкілдік құрбандыққа қатысты туындаған сұрақтар бойынша азаматтермен жеке жұмыс жасалып, мамандарымыз тиісті жауаптарын берді. Сұрақтар толығымен қанағаттандырылды», — деп жазылған хабарламада.

    Айта кетсек, айттың бірінші күні ҚМДБ-ның аймақтағы өкілдіктері көмекке зәру 30 715 отбасыға құрбандық етін жеткізген еді. Ал айттың екінші күнінде (01.08.2020) 27 741 отбасыға ет үлестірілді. Жалпы алғанда, яғни, барлық облысты қамтығанда Құрбан айттың екі күнінде 58 456 жанұяға ет жеткізілді.

    «Құрбандық еті қарттар, жетімдер, балалар үйлері мен ауруханаларға тегін таратылды. Мерекелік қуанышқа бөленген жандар алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдіруде. Сондай-ақ, қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтар тарапынан да телефон, әлеуметтік желі, уатсап арқылы жылы лебіздер мен игі тілектер келіп түсуде. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық шарасына белсенді түрде атсалысып, мұқтаждың мұңын бөлісіп, сауапқа үлес қосқан барша азаматтарға, сондай-ақ жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына айрықша алғыс айтамыз. Алла Тағала жасаған қайырымдылықтың қайырын өздеріңізге еселеп қайтарсын деген дұға-тілектеміз», — деп жазылған сайтта.

    қатысты посттар

    Қордайдағы қақтығысқа қатысқан азамат Алматыдағы қамау изоляторында қайтыс болды

    Фариза

    Алматыда екпеден соң акушердің аяқ-қолы тырысып, хәлі нашарлаған

    Фариза

    «Шариғат, сүннет бойынша екінші әйел алған жігіттердің тойын тегін жүргізіп беремін»

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.