-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында ауыл кәсіпкерлерін несиелендіру жалғасын табады

    2014 жылдан бастап облыста «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы»
    микроқаржы ұйымы ауыл кәсіпкерлері үшін сенімді серіктеске айналды. Бүгінде
    орталықтың қызметі облыс әкімінің тікелей атсалысуымен оң шешіліп, 2025 жылдың 31
    желтоқсанына дейін ұзартылды.

    Яғни, облыс кәсіпкерлерінің, оның ішінде ауыл кәсіпкерлерінің бұрынғыдай
    тиімді шарттарда жобаларын несиелендіріп, іске асыру мүмкіндігі бар.
    Айта кету керек, бизнеске жәрдем беру үшін Орталыққа 5 жыл ішінде әртүрлі көздерден
    шамамен 7 млрд. теңгеге жуық қаржы тартылып, микро және шағын кәсіпкерлердің 1700-
    ден аса жобасына несиелер берілді.

    Сондай-ақ, орталықпен көрсетілген қаржылай қолдау шарасы 2 мыңнан аса
    жұмыссыз азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуына септігін тигізді.
    Орталық арқылы несиелендірілген жобалардың жартысынан астамы Нәтижелі
    жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған
    «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына тиесілі. Яғни, орталық бұл бағдарламаның
    несиелендіру саясатын жүргізетін белсенді қатысушалырының бірі болып табылады.
    Қазіргі таңда «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымына
    бизнесті несиелендіру саясатын жалғастыру үшін әртүрлі көздерден, оның ішінде
    бюджеттен қаржы тарту мүмкіндіктері қарастырылуда.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова үздік ұстаздарды марапаттады

    Фариза

    Мешіт имамын әйел, бала-шағасының көзінше сабап кетті (видео)

    Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты жиын өткізді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.