4 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада 51 мыңнан астам кәсіпкер салықтық жеңілдікке қол жеткізді

    «Елде орын алған жағдайды ескере отырып, мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бірқатар жеңілдіктер ұсынылуда», — деп атап өтті Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бүгінгі баспасөз алаңындағы сөйлеген сөзінде.

    Аймақ басшысының айтуынша, кәсіпкерлер шағын бизнесті жалдау ақысынан, салық төлеуден босатылған және салықтық, несиелік төлемдердің мерзімі кейінге ұзартылған.

    Нәтижесінде, мемлекеттік мүлікті жалдау ақысынан босату бойынша 21 млн. теңгені құрайтын 365 келісім шарт жасалған.

    Сондай-ақ, 8 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері салықтық және несиелік төлемдерді кейінге қалдыру жеңілдігін иеленуде.

    51 мыңнан астам кәсіпкер салықтық жеңілдікке қол жеткізсе,        9 мыңға жуық кәсіпкерлер міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру төлемінен босатылған.

    Өңірде кәсіперлерге қолдау білдіру мақсатында «Бизнестің Жол картасы 2025» бағдарламасы аясында көзделген қаражат 1,7 млрд. теңгеден 3,4 млрд. теңгеге дейін, яғни, екі есеге ұлғайтылып, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етуде ұсынылған қолайлы мүмкіндіктерді ескере отырып жергілікті қаржы институты-«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының қызметі 2025 жылдың аяғына дейін ұзартылған.

    қатысты посттар

    Әскер қатары жас мамандармен толығуда

    Фариза

    Бір отбасын 45 жыл мазалаған әруақтың құпиясы ашылды

    Мәдениет және спорт вице-министрі Мұсайбековтің ұсталғаны хабарланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.