-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Облыс әкімі Г. Әбдіқалықова Талсуат елді мекеніндегі әлеуметтік саланың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына барды

    Бүгін облыс әкімі Г.Әбдіқалықова Талсуат елді мекеніндегі әлеуметтік саланың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына барды.

    Алдымен өңір басшысы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының жөндеу жұмыстарын тексерді. Орталықтың жұмысы туралы директоры Айгүл Шамшатова баяндады.

    3 қабатты орталықтың ғимараты 2012 жылы пайдалануға берілген. Стационар жағдайында 100 төсек орын, жартылай стационар жағдайында 50 төсек орын бар.

    Орталықта психоневрологиялық ауытқулары бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

    Мекеме заманауи талаптарға сәйкес құрал жабдықтармен жабдықталған емдік кабинеттері, дәрі егу, уқалау бөлмелері, шаштараз, қол моторикасын дамыту, құммен жұмыс жасау, тұрмыстық бейімдеу, сенсорлық еңбекке баулу кабинеттері, тренажер, мәжіліс, спорт залдарымен қамтамасыз етілген. Науқастардың жүріп-тұруына қолжетімді жағдай қарастырылған, бейне бақылау камералары орналастырылған, ата-аналарымен және туыстарымен кездесу үшін арнайы қонақжай бөлмелері бар. Жыл басында стационар жағдайында 70 бала жартылай стационар жағдайында 81 бала қызметтермен қамтылды. Бүгінгі күні карантин шектеулеріне байланысты уақытша үйлеріне қайтарылған.

    Одан кейін облыс әкімі №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды. Емдеу мекемесінің директоры Алмат Жұмабаев атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Бұл орталықта стационар жағдайында 380 төсек орын бар. Ғимарат 3 қабатты, қызмет алушылар 8 блокқа орналастырылған. Әр блокта жатын бөлмелер, төсек орын, тынығу залы бақылау посты, асхана, әжетхана, шомылу бөлмелері қарастырылған.

    Жыл басында стационар жағдайында 401 адам, жартылай стационар жағдайында 25 адам қызметтермен қамтылды. Бүгінгі күні жүйке ауруымен ауыратын 1-ші, 2-ші топ мүгедектеріне арналған орталықта 372 науқасқа қызмет көрсетілуде.

    Сондай-ақ, аймақ басшысы мүгедектерге арналған оңалту орталығында уақытша орналастырылған №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен мүгедектерге арналған оңалту орталығының жұмысын тексерді. №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директорының орынбасары Ержан Ақшалов пен мүгедектерге арналған оңалту орталығының директоры Манат Тлеуова мекемелердің жағдайын таныстырды.

    №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында стационар жағдайында 180, жартылай стационар жағдайында 100 төсек орын болса, мүгедектерге арналған оңалту орталығында жартылай стационар жағдайында 150 төсек орын бар. Бұл орталықтарда І және ІІ топтағы мүгедектерге, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

    Емдеу мекемелерінде карантинге байланысты санитарлық-эпидемиялогиялық шаралар күшейтіліп, стационар жағдайында жатқан науқастарға мамандар екі ауысымда тұрмыстық, медициналық қызметтерді бөлмелерінде 24/7 режимінде көрсетуде.

    Аралау барысында облыс әкімі ем алушыларға жақсы жағдай жасалып, қызметкерлердің жалақысын көтеруді қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, дәрі-дірмек қорының жеткілікті болуын ескертті.

    қатысты посттар

    Арал ауданында эпидемиологиялық ахуал жақсарды

    Фариза

    60-70 мың айлықпен күнелтетін ата-ана баласын оқу жылына толық дайындай ала ма?

    Қызылордалық ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерлерін құттықтады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.