-1.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстанның тағы екі қаласында блок-бекеттер қайта қойылады

    Атырау мен Шымкент қалаларында қайтадан блок-бекеттер орнатылады. Жергілікті билік бұны Құрбан айт мерекеcімен байланысты енгізілген уақытша шаралар деп отыр. Тиісті шешімді облыстардың бас санитар дәрігерлері қабылдаған деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Екі жағдайда да бақылау-өткізу пункттерін тәртіп сақшылары мен эпидемиологтар күзетеді. Олар Атырау мен Шымкент аумағында ешкімнің малды соймауын қадағалайтын болады. Бас санитар дәрігерлердің қаулыларына сәйкес, 31 шілде мен 2 тамыз аралығында қалаларда жаппай шараларға, Атырау және Шымкент тұрғындарына қонақтар шақыруға және мешіттер мен медреселерде садақа беруге тыйым салынады. Сонымен қатар мейрам күндері бұл қалаларда құрбандық ретінде мал союға қатаң тыйым салынады. Осы мақсатта арнайы орындар анықталған.

    Айта кетейік, осыған дейін Алматыда Құрбан айт кезінде 14 полиция бекеті жұмыс істейтінін жазғанбыз.

    Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1544 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 86 192-ге жетіп отыр. Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды.

    қатысты посттар

    Түркістан облысында Ер адам 80 жастағы қарт ананы тірідей өртеп жібермек болды

    Валюта нарығы: долларға деген сұраныс 30 пайызға төмендеді

    Фариза

    Қызылордада 150-ге жуық көшеге залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.