5.7 C
Алматы
Четверг, 17 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент қаласы құрғындарының назарына! Шымкентте онлайн құрбан шалу тәжірибесі іске асады

    Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келеді.

    Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келеді.
    Осы орайда, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қала аумағында мал союды ұйымдастыруға, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға тыйым салынады. Сондай-ақ, мал сою цехтарының және мал сату базарларының жұмысы тоқтатылады.

    Шымкент қаласы әкімдігі мен санитарлық эпидемиологтардың рұқсатымен азаматтардың құлшылық амалға деген ниетін орындау мақсатында онлайн құрбан шалу тәжірибесі іске асады.

    Ол үшін азаматтар Qurban2020.kz сайтында құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере алады. Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен қала тұрғындары құрбандық малын таңдап, төлем жасауға мүмкіндігі бар.
    Осы бағытта құрбандық шалу рәсімінің бекітілмеген орындарда жүзеге асырылмауын арнайы жергілікті тәртіп сақшылары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары қадағалайтындығын ескертеміз.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Таразда қаласында Сарысу ауданының күні өтті

    Фариза

    ШҚО-дағы денсаулық сақтау саласында JCI стандарты бойынша қызмет көрсету оң жолға қойылды

    ШЫМКЕНТ: ЕЛТАЙДАҒЫ БЕС ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАЛАРЫНЫҢ КІЛТІН АЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.