-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте мобильді бригадалар саны 200-ге жуықтады

    Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің
    тапсырмасымен емханалары жанынан тәулік бойы жұмыс істейтін 58 мобильді топ құрылған
    болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, Мұрат Дүйсенбекұлы мобильді бригадалар
    санын әліде арттыру қажеттігін айтты. Сол себепті, олардың саны бүгінде 197-ге жетті. Бұл туралы
    Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан
    Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

    «Шымкент қаласындағы емханалар жанында бұған дейін 58 мобильді топ жұмыс істеп келген
    болса, бүгінде оның саны 197 жетті. Олармен 16-мыңға жуық науқасқа үйге арналған
    станционарлық қызмет көрсетілген. Сонымен бірге 45 мың пациентке мобильді бригада қызметі
    арқылы үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізілді. Атқарылған жұмыстар қаладағы эпидемиологиялық
    жағдайдың жақсаруына өз әсерін тигізді. Нақтырақ айтқанда, жедел жәрдем көмегін
    шақыртушылар саны күніне 38 пайызға азайды»,-деді Т. Варзилов.

    Сондай-ақ брифингте салаға жауаптылар станционарларда ем алушы науқастардың саны күрт
    төмендегенін мәлімдеді. Соңғы он күннің ішінде науқастар саны 2882-ден 1240-қа дейін азайған.
    Нәтижесінде станционарлардағы төсек орынның жүктемесі 78,7 пайыздан 33 пайызға дейін кеміп
    отыр.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жамбылда ұлттық домбыра күні аталып өтті

    ШЫМКЕНТТЕГІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: 100 жастағы әжей туған күнінде пневмониядан жазылып шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.