-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте вирус жұқтырған науқастар саны екі есеге төмендеді

    Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Өткен
    тәулікте 54 вирус жұқтырғандар тіркеліп, өсім 1,2 пайызды құраған. Осы айдың басындағы
    көрсеткіштермен салыстырғанда екі есеге төмендеген. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі
    Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында мәлімдеді.

    «Бүгінгі күнге Шымкент қаласында COVID-19 вирусын жұқтырған азаматтардың саны 4 708 құраса,
    оның ішінде 2 938 азамат емделіп шықты. Маусым айының алғашқы бес күнінде 84-100 вирус
    жұқтырғандар немесе өсімі 2,5-3 пайызды құраған болса, өткен тәулікте 54 вирус жұқтырған адам
    тіркелді. Осы айдын басымен салыстырғанда екі есе төмендегені байқалады», — деді қала әкімі.
    Қала әкімінің айтуынша, жедел жәрдем шақыру 43 пайызға азайып, стационарларда ем
    алушылардың саны 56,9 пайызға төмендеп отыр. Сонымен қатар, ол қалада бастапқы
    медициналық санитарлық көмек көрсету жұмыстары күшейтілгенін атап өтті.

    Мәселен, Шымкентте қосымша 197 мобильді бригада құрылып, 16 мыңға жуық науқасқа үйге
    арналған стационарлық қызмет көрсетілген. Сонымен бірге 45 074 азаматқа мобильді бригада
    қызметтері арқылы үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізілген.

    «Тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамту мәселерін реттеу жөніндегі Қасым-Жомарт Кемелұлының
    тапсырмасы аясында қала қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталды. Бүгінде шет
    мемлекеттен 2 млн. 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрілер мен 16 млн. 700 мың маска
    жеткізілді. Сондай-ақ, қосымша 58 ИВЛ, 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 26
    реанимациялық мониторлар алынды. Қазіргі таңда, реанимациялық орынның 88,7 пайызы ИВЛ
    аппараттарымен қамтылып отыр»,- деді қала әкімі.

    Сонымен қатар, кислородпен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі де шешімін тауып келеді.
    Оттегімен қамтылған орын саны 861-ге жеткен. Қосымша 2 ауруханада кислород станциясы іске
    қосылса, бір ай ішінде тағы 3 ауруханада қосылатын болады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШҚО оқушылары археологиялық қазба жұмыстарына қатысады

    Шымкент: Жаңа қоқыс тастау орындары салынып, жәшіктер орнатылуда

    Фариза

    ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЖҮГІНБЕЙ-АҚ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІН ҰЗАРТУ ЖАЛҒАСАДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.