-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Жоғары оқу орындары оқу бағасын көтеруді жоспарлап отыр — Асхат Аймағамбетов

    Білім және ғылым министрлігінің ақпаратынша, қазақстандық жоғары оқу орындары оқу бағасын көтеруді жоспарлап отыр

    Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарынан пандемия кезінде оқу ақысын көтермеуді, сондай-ақ, қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндігін беруді сұрады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    «Пандемия салдарынан студенттердің оқуға уақытылы келу мүмкіндігі азайып отыр. Экономикалық ахуал бізге белгілі. Жоғары оқу орындары тарапынан да қолдау жұмыстарын жүргізу қажет деп санаймын. Біріншіден, қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндіктерін беру. Талдау нәтижесі мұндай мәселенің бар екенін көрсетті. Сол себепті бөліп төлеуге мүмкіндік қарастыруды сұраймын», — деді Аймағамбетов аппараттың онлайн жиналысында.

    Сонымен қатар, білім министрі бірқатар жоғары оқу орны оқу бағасын көтергелі жатқанын, алайда елдегі ахуалды ескеріп, бағаны көтермеу туралы өтініш жасады.

    «Біз алған ақпаратқа сәйкес, біраз жоғары оқу орны оқудың бағасын көтеруді жоспарлап отыр екен. Сондықтан бұл мәселе бойынша да өтініш бар: ахуалды біле тұрып, жоғары оқу орындарында бағаны өсірмеу. Бұл өте маңызды», — деді министр.

    Сондай-ақ, министр жоғары оқу орындарын қолдау бойынша кешенді бағдарлама қабылданып жатқанын мәлімдеді. Ол жерде тек қаржы мәселесі емес, реформаларға байланысты да шешім қабылданды. Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі көтерілді.

    қатысты посттар

    Мектептерде хиджаб киюге рұқсат етіле ме? — министрлік жауап берді

    Фариза

    Аймағамбетов: Енді барлық балабақшада міндетті түрде бейнекамера болуы керек

    Фариза

    Қазақстанда студенттерге арналған қосымша грант түрі пайда болады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.