-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкенттік дәрігерлер пандемияның екінші кезеңіне дайындалуда

    Шымкенттік дәрігерлер пандемияның екінші толқынына дайындалып жатыр. Стационарлық төсек
    орындарды резервке алып, дәрі-дәрмек қорын жасақтауда.
    Адамдардың шоғырлануын болдырмас үшін науқастардың үй жағдайында ем-дом алуына да
    мүмкіндік жасаймыз дейді ақ халаттылар. Салаға жауаптылар алдымен қаладағы қазіргі
    эпидемиологиялық ақуалға тоқталды.

    Осыған дейін шаһарда бас-аяғы 4708 адам КОВИД-19 жұқтырған болса, оның ішінде 2938 науқас
    емделіп шыққан. Бүгінгі күнгі маусым айының басындағы жағдаймен салыстырғанда пневмонияға
    шалдыққандар қатары екі есеге, жедел жәрдемге жүгінгендер қатары 38 пайызға азайған.

    Дегенмен, арқаны кеңге салуға әлі де ерте. Себебі, пандемияның екінші кезеңі бас көтергенде ақ
    халаттылар сақадай сай болуы тиіс. Басқарма өкілдері шаһарда пневмония мен ЖРВИ дендегенде
    бірінен соң бірі ашылған стационарлық орындарды әзірге жаппаймыз деп отыр. Олар келесі
    кезеңге резерв ретінде алынады.

    Денсаулық сақтау саласының өкілдері алдағы уақытта науқастардың үйде жатып емделуіне
    басымдық бермек. Емханалар жанынан құрылған қосымша мобильді бригадалар саны қазір 197 —
    ге жеткен. Осыған дейін олар 16 мыңға жуық науқасқа көмек көрсетіпті.

    Дәулет Шорабаев, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасыныңы жетекші маманы:
    «Тұрғындар онлайн кеңестер ала алады. Онда дәрігерлер емделу жолдарын қашықтықтан
    түсіндіріп береді. Бұл адамдардың шоғырлануын болдырмайды. Бұл да өз кезегінде ауруды
    тезірек жеңуге сеп болмақ».

    Дегенмен, шымкенттік ақ халаттылар пендемияның екінші толқыны қашан басталатынын дөп
    басып айта алмады. Бұл сайып келгенде халықтың санитарлық жағдайды қаншалықты ескеруіне
    байланысты екен. Дегенмен сақтықта қорлық жоқ. Салаға жауаптылар қазір екі айлық дәрі-
    дәрмек қорын да жасақтап, тиісті тапсырыстарын да әлден ақ қамдап қойыпты.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Демеушілер медициналық ұйымдарға 3 жедел жәрдем көлігі мен заманауи құрылғыларды тарту етті

    Фариза

    Қызылорда: Арал ауданында жаңа цехтың іргетасы қаланды

    Фариза

    Қызылорда: Бизнес өкілдері МӘМС жарналарынан келесі жылға дейін босатылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.