Қызылорда облысында биыл барлығы 184 739 гектар жерге ауыл шаруашылығы
дақылдары егілген. Оның ішінде дәнді дақылдар 99 248 гектарды, майлы дақылдар 5 631
гектарды, мал азықтық дақылдар 62 335 гектарды, картоп, көкөніс және бақша дақылдары
17 525 гектарды құрап отыр.
«Өткен жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар 1 736 гектарға, мал азықтық
дақылдар 2 094 гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 79 гектарға артса, ал
майлы дақылдар көлемі 2 242 гектарға азайды. Сонымен қатар, егісті әртараптандыру
бағытында облыста алғаш рет перспективалы дақылдар қант құмайы 80 гектарға, соя 170
гектарға, жүгері дақылы 1 507 гектарға дейін жеткізіліп, ылғал сақтағыш аквагельдерді
пайдалану арқылы 80 гектар богарлы жерлерге күздік бидай дақылы егілді.
Негізгі дақыл күріштің көлемі 89 623 гектарды құрап, егіс көлемі өткен жылмен
салыстырғанда 1 690 гектарға артып отыр», – дейді ауыл шаруашылығы басқармасының
мамандары.
Қазіргі таңда, шаруашылық құрылымдары егілген ауыл шаруашылығы
дақылдарын агротехникалық талаптарға сай күтіп баптау жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінгі күнге күріш егісінің 65,6 мың гектары арам шөптерге қарсы
гербицидтермен толық өңделіп, 62,1 мың гектары тыңайтқыштармен үстеп
қоректендірілген. Үстеп қоректендіру жұмыстары жалғасуда.
Ал, аудан әкімдіктерінің дерегінше облыста егілген 89,6 мың га күріш алқабының
қазіргі таңдағы жағдайы 71,7%-ы жақсы, 25,7%-ы орта, 2,6%-ы нашар деп бағаланса, 31,1
мың гектары түптену және 58,5 мың гектары түтікке шығу фазасында.
Сондай – ақ, шаруашылық құрылымдары өткен жылғы жоңышқа дақылының 1-ші
орымын аяқтап, барлығы 103,1 мың тонна жоңышқа шөбін дайындады. Орта өнім
гектарына 26,7 центнерден айналды.
Бүгінгі таңда шаруашылық құрылымдары дәнді дақылдарды жинау жұмыстарын
жүргізуде. Күтімге алынған 4 142 мың гектар күздік бидайдың 2 751 гектарына орақ түсіп,
5 652 тонна өнім жиналды. Орта өнім гектарына 20,5 центнерден айналса, 3 806 гектар
жаздық бидайдың 100 гектары жиналып, барлығы 130 тонна өнім алынып, орта өнімі 13,0
центнерден келуде.
Сондай-ақ дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда. Облыс бойынша
көкөніс және бақша дақылдарын жинау жұмыстары оңтүстік аудандарда басталды. Бүгінгі
күні, көкөністің 570 гектары және бақшаның 650 гектары жиналып, көкөністің әр
гектарынан 166,3 центнерден, бақшадан 216,9 центнерден өнім алынуда. Көкөніс және
бақша дақылдарын жинау жұмыстары жалғасып жатыр.