7 C
Алматы
Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ҚЫЗЫЛОРДАДА 81633 АДАМ БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМ АЛДЫ

    Қызылордада 91571 адам 42500 теңге көлемінде қосымша әлеуметтік жәрдемақы алуға жүгінді. Оның ішінде, шілде айында 81633 азаматқа көмек көрсетілді. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.
    « Өтінімнің ішінде 36120-сы проактивті форматта , яғни ешқандай өтініш тапсырмай-ақ бұрынғы мәліметтердің негізінде СМС арқылы расталып, көмек алды. Сондай-ақ, қалалық және аудандық штабтардың қаралуына 15201 өтінім түсіп, оның 7822-сі қабылданып, 6833-нің өтінім кері қайтарылды. Өтінімнің кері қайтарылу себебі: бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген шектеулерге сәйкес кәсіпорын, мекемелердің қызметі 5 шілдеден бастап тоқтатылмаған. Бұл мәліметтердің барлығы салық органдарының жүйелері арқылы тексерілді. Сонымен қатар, өтінім беру барысында мәліметтерді (реквизит, есеп шоттар, жұмысшылардың ЖСН) дұрыс енгізбеген»,-деді Талғат Тұрсынұлы.

    «Шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда 42500 теңге көлеміндегі біржолғы төлемді тағайындауға өтінішті жұмыс беруші береді. Жұмыс беруші көрсетілген төлемді тағайындау қағидаларының талаптарын сақтамаған жағдайда қызметкер еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жүгінуге құқылы»,-деді облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Сайлаубайұлы.

    қатысты посттар

    ІІМ қазақстандықтардың паспорттарынан табылған чипке байланысты түсініктеме берді

    Фариза

    Қазақстанда ет қымбаттауда

    Фариза

    «Қан қызыл түске боянған Көз тиді ме екен?..» Киелі орынның өртенуі жұрттың жанына батты

    Пікір қалдыру

    four × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.