Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Қаратау ауданында 40-қа жуық көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңаруда

    Шымкент қаласы Қаратау ауданында биыл 39 көпқабатты үйдің қасбеті ретке келтірілуде. Бұл
    жұмыстарға сол үйлердің тұрғындарынан қаржы жұмсалмайды, бюджеттен де қаражат
    қаралмаған. Үйлердің қасбетін әрлеу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге
    асырылып отыр. Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов мәлімдеді.

    Оның айтуынша, Асар шағын ауданында 2017 жылы пайдалануға берілген 30 көпқабатты үйде
    сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 12 бригада жұмыс істесе, әр бригадада 8
    құрылысшыдан тұрады. Үйлерді қаптауға өте сапалы «сайдинг» материалы қолданылып жатыр.
    «Асар аумағы бойынша жалпы саны 30 көпқабатты үйде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
    Оның ішінде 18 үйдің құрылысы толық бітіп, 12 үйдің құрылысы 1 ай ішінде аяқталады.
    Көпқабатты үйлердің құрылысына 500 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалуда. Құрылысқа
    кеткен шығынның барлығын ЖШС «Ақ Ордасы» Корпорациясы» көтеріп жатыр», -дейді аудан
    әкімі.

    Сонымен қатар, ол «Нұрсәт» шағын ауданындағы №18,19,20 көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы
    қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары «Бесқұдық Тас» және «Арт Құрылыс» ЖШС тарапынан
    жүргізілсе, Ақжайық шағынауданы «Тұлпар» тұрғын үй кешенінде орналасқан 6 тұрғын үйдің
    қасбетін «Эристайл-Қазақстан» ЖШС –гі жүргізіп келеді.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Британдық BBC телеарнасы Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті туралы видео түсіруде

    Қызылордада волонтерлар марапатталды

    Фариза

    Шымкентке 800 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 − thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.