-0.1 C
Алматы
Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Мұқтаж отбасылар құрбандық етін алуға ұсыныс бере алады

    Бұл туралы онлайн брифинг барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, ҚМДБ наиб имамы Оңғаров Ершат Ағыбайұлы айтып берді. Енді елімізде мұқтаж адамдар онлайн сұраныс беріп, құрбандыққа шалынған мал етін ала алады.

    «Құрбан етін алу үшін өтініш қалдыру ұяшығы мұқтаж жандарға арналады. Бірінші өңірді таңдайсыз. Өңірге келіп өтініш түседі. Ол жерге бүкіл құжаттарды тіркегеннен кейін, әлеуметтік аз қамтылған жағдайы нашар отбасылар мен мұқтаж жандардан мұқтаждығы жөнінде құжат тіркеуі сұралады. Өтініш сайтқа түскеннен кейін мұсылмандар діні басқармасы осы онлайн құрбандық барысында сойылған етті еріктілер топтары арқылы мұқтаж отбасыларға таратып береді», — дейді Ершат Оңғаров.

    «Онлайн құрбандық биыл тарихта алғаш рет орын алып отыр. Сол себепті каспий банк арқылы ғана жүзеге асады. Биылғы жылы қиын болмау үшін бір ғана банк арқылы төлем жасауға болады», — деп түсіндірді Ершат Оңғаров.

    қатысты посттар

    Қармақшы аудандық ауруханасына жаңа көлік табысталды

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова облыс тұрғындарына үндеу жолдады

    Фариза

    Қызылорда облысында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.