-1.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысынан Ресейге қарбыз жөнелтілді

    Биылғы жылы Қызылорда облысында барлығы 8 мың гектардан астам жерге
    бақша (қауын, қарбыз) дақылдары орналастырылды.

    Аймақтың климаттық ерекшелігіне сәйкес, егілген бақша дақылдарының басым
    бөлігі Жаңақорған және Шиелі аудандарының үлесінде.

    Атап өту қажет, қазіргі таңда елімізде қалыптасқан төтенше жағдайға
    байланысты, Қызылорда облысында өндірілетін бақша және көкөніс өнімдерінің
    сатылымын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі тарапынан еліміздің солтүстік
    және батыс өңірлерінің барлық әкімдіктеріне арнайы ұсыныс хат жолданған болатын.
    Бүгінде Жаңақорған ауданында 70-ке жуық шаруашылық пен агроөнеркәсіп
    кешенін дамыту және өзін-өзі жұмыспен қамту бағытында ашылған агроаймақтардың
    дихандары ерте егілген қарбыздың алғашқы өнімдерін шығарды. Еліміздің солтүстік
    облыстарына таратылып, қарбыздың алғашқы легі көрші Ресей мемлекетіне
    экспортталды.

    Сонымен қатар, шаруашылық құрылымдары үшін Қызылорда қаласынан бақша
    өнімдерін сатуға арналған арнайы орындар белгіленген.

    Қазіргі таңда, еткен еңбектің арқасында қарбыздың әр гектарынан 400-500
    центнерден өнім алынуда. Нәтижесінде, бүгінгі күні облыс шаруалары 1000 тоннаға жуық
    қарбыз өнімін сатылымға шығарды.

    қатысты посттар

    Қызылорда қаласында апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешілген

    Фариза

    Қызылордада дәрілік заттарға күн сайын мониторинг жүргізіледі

    Фариза

    «Сергекте» жаңа функция қосылды: Алматыда бір тәулікте 12 миллион теңге айыппұл жазылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.