Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордаға Шымкенттен дәрі-дәрмек жеткізіліп жатыр

    Бұл қала әкімдігінің Шымкент және Алматы қалаларындағы дәрі-дәрмек өндіруші
    кәсіпкерлермен қажетті өнімдерді алу жөніндегі жасаған келісім негізінде жүзеге
    асырылып отыр.
    Қаладағы дәрі тапшылығын болдырмау мақсатында жасалған келісім негізінде
    аймақ орталығындағы сұраныс білдірген 30 дәріханаға аптасына 3 мәрте
    фармацевтикалық өнімдер жеткізілуде. Оның ішінде эйфулин, дексаметазон, леовит,
    витамин С, глюкоза, цефазалин сынды өнімдер және басқа да дене қызуын түсіретін
    дәрілік препараттар бар.

    Қала әкімі аппаратының қызметкерлері арқылы қала аумағында орналасқан
    барлық дәріханаларда дәрі тапшылығын жою мақсатында күнделікті мониторинг
    жүргізілуде. Мониторинг барысында әрбір дәріханада қандай қажеттіліктер бар екенін
    анықталып, сол арқылы барлық дәріханаларға дәрі-дәрмектерді жеткізеді.
    Арнайы мобильді топ алдағы уақытта да қала аумағындағы дәріханалардың
    қызметіне мониторинг жұмысын жалғастыратын болады.

    Қажетті препараттармен қамту шаралары ұдайы шаһар басшысының тікелей
    бақылауында.

    қатысты посттар

    “370 кг болатын 18 500 қорап” Қытайдан елімізде тыйым салынған дәрілер әкелінген

    Фариза

    Билік осы айда 1 млн-нан астам қазақстандыққа 5 500 теңгеден береді

    Фариза

    Жоғары сот кеңесі «ірі көлемде пара алды» деген күдікке ілінген судьяға қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.