-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте 11,2 млрд теңге оңтайландырылды

    Шымкент қаласының әкімдігі карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты жергілікті бюджетті оңтайландыру нәтижесінде 11,2 млрд. теңге болатын қаржыны үнемдеді. Қала мәслихатының кезектен тыс алпыс сегізінші сессиясында депутаттар бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған бюджет қаржысын бірауыздан бекітті.

    Үнемделген  қаражаттың басым бөлігі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатынын айтқан қала әкімі Мұрат Әйтенов ұсынысты қабылдағаны үшін халық қалаулыларына алғысын білдірді.

    «Қысқартылған қаржылар негізінен мәдени іс-шараларды өткізуден, қызметтік іс-сапар шығыстарынан, мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтудан оңтайландырылды. Атап айту керек, карантиндік шектеулерге қарамастан қалалық бюджеттің кірісі төмендеген жоқ. Мәселен, қалалық бюджеттің өзіндік кірістері 21,8 млн. теңгеге ұлғайып, 133 млрд теңгеге жетті. Ал қаладағы экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру бойынша кешенді жоспары жүзеге асырылуда»,-деді қала басшысы.

    Нақтырақ айтсақ, қысқартылған қаржылардың 3 359,3 млн.теңгесі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалса,   219,1 млн. теңге азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталады. Сонымен қатар 989,8 млн. теңге білім саласындағы мектептер мен мектеп интернаттарды материалдық- техникалық жаңғыртуға, 111,7 млн. теңге алты көпқабатты тұрғын үйдің 12 лифт қондырғысын ауыстыруға және қалған қаржы шағын аудандардағы инфрақұрылым мәселесі мен абаттандыруға жұмсалады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Таразда «Түркі әлемі туризмінің халықаралық туризмі» атты мәдени іс-шара өтті

    Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау әрбір мекеменің міндеті

    Фариза

    Шымкент қаласына пневмония мен COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.