Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада Сырдария ауданындағы эпидемиологиялық ахуал талқыланды

    Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен селекторлық
    режимде Сырдария ауданының эпидемиологиялық ахуалына қатысты мәжіліс өтті.
    Жиында алдымен аудан әкімі Руслан Рүстемовтің індеттің алдын-алу және
    таралуын болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндамасы
    тыңдалды.

    Бүгінгі күнге дейін ауданда COVID-19 инфекциясымен 156 науқас тіркеліп, 65
    адам емделіп шықты. Қазіргі таңда инфекциялық стационарда 27, үй жағдайында 1 науқас
    ем алуда. Пневмониядан 155 адам ауырып, 98 жазылып шықты.
    Ауданда 80 төсек орны бар. Ахуал күрделенген жағдайда Шаған ауылдық
    ауруханасынан инфекциялық стационарға резервтік 30 орын, Аманкелді ауылдық
    ауруханасынан 20 орын, сонымен қатар, «Жалын» тынығу лагерінен 100 провизорлық
    төсек орын ашуға тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.

    Науқастарға ем алу үшін барлық жағдай жасалған. Ауданда 2 өкпені жасанды
    желдету (ИВЛ) аппараты, 4 оттегі концентраторы, 50 оттегі баллоны бар. Сонымен қатар,
    демеушілер есебінен қосымша 50 оттегі баллондарын алу жоспарланып отыр.
    Жалпы карантин жарияланған кезеңнен бастап аудан бойынша демеушілер мен
    еріктілер тарапынан аудандық аурухана мен елді мекендерге медициналық құралдар, дәрі-
    дәрмектер, азық-түлік түрінде 13,4 млн. теңгеге көмек көрсетілді.

    Коронавирустың таралуын шектеу мақсатында 12 мобильдік және 3
    мониторингтік топтар құрылып, күнделікті кәсіпкерлік нысандарын және арнайы
    белгіленген аймақтарын аралап, санитариялық талаптардың сақталуына бақылау жасауда
    және тұрғындар арасында отбасылық жиындардан бас тарту туралы түсіндірме
    жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді.

    Облыс әкімі инфекциялық орындарды көбейтуді және медицина мекемелерін
    қажетті аппараттар, дәрілік заттармен қамтамасыз етуді тапсырды.

    «Инфекциялық стационарларды көбейтіңіздер. Емдеу мекемелерін оттегі
    концентраторы және оттегі баллондармен қамтамасыз етіңіздер. Дәрі-дәрмек қоры
    бақылауда болсын. Тұрғындарға қажетті дәрілік заттар дәріханаларда қолжетімді бағада
    болу керек. Кәсіпкерлермен келісім жүргізіп, жеткізілу мәселесін қарастырыңыздар», –
    деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

    қатысты посттар

    Алматыда ұсақ-түйек құқық бұзушылықпен ұсталғандар қара жұмысқа жегілген

    Фариза

    Қызылордада су айдындары тазартылуда

    Фариза

    Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талданды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.