-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Көп көмегі кеселдің бетін қайтарады

    Қызылорда облысындада індетті болдырмау шараларына көпшілік те көп үлес
    қосып отыр. Аз уақыт ішінде облыс орталығының өзінде кәсіпкерлер мен қайырымдылық
    шараларынан қалыс қалмаған тұрғындардан жиналған 38,3 млн теңгеге 45 дана оттегі
    концентраторы, 2 мыңнан аса оттегі баллоны алынып, емдеу мекемелеріне таратылды.
    Оны жеткізумен еріктілер айналысуда. Осылайша сырбойылықтар жұрт жұмылса, дерттің
    де дендемейтінін дәлелдеп отыр.

    Журналистер жәрдемі

    Дерттің дендемеуіне барлық сала өкілдерінің үлесі бар. Осы бағыттағы
    шараларды насихаттап жүрген журналистер де қайырымдылық шараларынан шет қалған
    жоқ. Облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Сыр медиа» серіктестігінің ұжымы
    коронавирусқа қарсы күреске бір күндік жалақысын аударды.

    Әріптестеріміздің бір күндік жалақысынан жиналған қаржы 1 млн теңгеге
    жуықтапты. Оған облыстық медицина орталығы оттегі аппаратына қажетті құралдарды
    сатып алған. Жақсылық жасауға жұмылған журналистер арасында еріктілер қатарында
    емдеу мекемелеріне көмек көрсетіп жүр¬гендер де жоқ емес.

    Осы ай басынан бері серіктестіктің 3 қызметтік көлігі қала аумағындағы
    емханаларға, ауруханаларға оттегі баллондарын жеткізумен айналысып жүр.

    Құрылысшылар қайырымдылығы

    Жуырда аймақтағы құрылысшылар ассоциациясы коронавирус дертімен күресіп
    жүрген дәрігерлерге 32 оттегі концентраторын алып берді. 16 құрылыс компаниясының
    көмегімен алынған құрылғылардың 10-ы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына,7-і
    қалалық ауруханаға, 15-і аудандардағы емдеу мекемелеріне табысталды.

    Жалпы, қайырымдылық шараларына үлес қосып жатқандардың қатары қалың.
    Өткен апта соңында «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС кәсіпорнының демеушілігімен
    Жаңақорған ауданаралық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміндегі провизорлық
    стационарға VG70 маркалы 2 жасанды тыныс алу қондырғысы жеткізілді.

    Бұл медициналық аппарат электр қуаты сөнген жағдайда аккумулятор арқылы 30 минутқа дейін істеп тұрады. Сондай-ақ кәсіпорын өкілдері дәрігерлерге арнайы сақтық қорғаныш киімдерін, пульсоксиметр мен дәрі-дәрмектер табыстады. Жақын күндері аурухана берген тізім бойынша өте қажетті препараттар тағы жеткізіледі.

    Кәсіпкерлер де еріктілер қатарында

    Қайырымдылық шараларына үлес қосумен қатар еріктілер сапында еңбек етіп
    жүрген іскер азаматтар да бар. Қиналған жұртқа қол ұшын беруді парыз санайтын көбі
    өздерінің аттары аталғанын да қаламайды. Іскерлерді игі іске жұмылдыруда облыстық
    кәсіпкерлік палатасы жүйелі жұмыс істеп отыр.

    «Қазіргі жағдай қай салаға да жеңіл болып тұрған жоқ. Бизнес өкілдері шаш-
    етектен шығынға батқанына қарамастан тұрғындарға көмек қолын созып жатыр. Соның
    бір айғағы, кейінгі айда «Абай-Дәулет» ЖШС, «Абзалжәне К» ТС, «Ақтөбе и К» ЖШС,
    «Шыңғыс ЛТД» ЖШС, «КВАНТ» ЖШС науқастар мен медицина мекемелерін тегін дәрі-
    дәрмекпен, қажетті оттегі құ¬ралдарымен, оны таситын көлікпен, азық-түлікпен
    қамтамасыз етіп жатыр. «Қызылорда», «Бәйтерек» қонақ үйлерінде медицина қызметкер-
    лері тегін жатын орын мен тамақпен қамтамасыз етілуде», – дейді облыстық кәсіпкерлер
    палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов.

    қатысты посттар

    Жалағашта биыл 10 тұрғын үй қолданысқа беріледі

    Фариза

    Қызылордада әлеуметтік нысандар жылу маусымына дайын

    Фариза

    Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақталуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 − 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.