18 C
Алматы
Жұма, 17 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте алты айда 34,2 млрд. теңгенің құрылыс өнімдері өндірілді

    Шымкент қаласында құрылыс материалдарын шығаратын 215 ірі, орта және шағын кәсіпорындар бар. Осы жылдың 6 айында олармен 34,2 млрд. теңгенің құрылыс материалдары өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 4,5 пайызға артқан.

    Қаланың жалпы өнеркәсібінде өндірілген өнім көлеміндегі құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 13,2%-ды құрады. Ал құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту мақсатында қалада 2020-2021 жылдар аралығында 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобалардың құны 2,9 млрд.теңгені құрап отыр.

    Атап айтқанда, келер жылы үш темірбетон өндірісі мен шыныпластиктер, газоблок, асфальтбетон, жолаяқ тақталарының өндірісі және полипропилен, поливинилхлорид, термоэластопласт бұйымдарының өндірісі, әрлеу материалдары мен құрғақ құрылыс қоспалары сынды жобалар іске қосылады.

    Айта кетейңк, бүгінгі таңда Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан құрылыстағы отандық өнім үлесі 98 пайызды құрап отыр.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жамбылда «Ауыл – ел бесігі» бойынша биыл 119 жоба жүзеге асуда

    Фариза

    Шымкентте жыл басынан бері 25 016 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған

    Фариза

    ШҚО-да көпбалалы отбасыларға арналған қолдау бағдарламасы қалай іске асырылуда

    Пікір қалдыру

    fourteen − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.