-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Гүлшара Әбдіқалықова Шиелі ауданының эпидемиологиялық ахуалына қатысты жиын өткізді

    Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шиелі ауданында
    індеттің алдын-алу және таралуын болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар
    бойынша селектор өтті. Жиында аудан әкімі Қамбарбек Мүбараков аймақтағы ахуал
    жөнінде баяндама жасады.

    Аудан бойынша коронавирус инфекциясымен 217 жағдай тіркеліп, 134 адам
    емделіп шықты. Пневмониядан 555 адам ауырып, 189 жазылып шықты.
    Қазіргі уақытта 40 инфекциялық, 100 провизорлық төсек орны бар. Ахуал күрделенген
    жағдайда пайдалану үшін ескі аурухана ғимаратынан 50 төсек орын дайындалған.
    Сонымен қатар, «Шиелі аудандық аграрлық колледжі» мен «Гежуба Шиелі
    Цемент» зауытының жатақханаларынан 200 төсек орын ашуға тиісті жұмыстар
    жүргізілуде.

    Ауданда 12 өкпені жасанды желдету аппараты, 3 оттегі концентраторы, 159 оттегі
    баллоны бар. Күшейтілген карантин жарияланған кезеңнен бастап аудан бойынша
    демеушілер мен еріктілер тарапынан аудандық аурухана мен елді мекендерге 4 млн. 100
    мың теңгеге көмек көрсетілді.

    Одан бөлек, аудан әкімдігінің 5 қызметтік автокөліктері күнделікті жанар-жағар
    майымен қамтамасыз етіліп, аудандық ауруханаға көмек ретінде пайдалануға берілді.

    Шиелі ауданы бойынша 22 дәріхана жұмыс жасайды. Барлық дәріханаларға күнделікті
    мониторинг жүргізілуде.

    Коронавирустың таралуын шектеу мақсатында әр елді мекеннен 1 мобильдік,
    кент орталығынан 5 мобильдік топ құрылып жұмыс жасауда. Сонымен қатар аудандағы
    мониторингтік топтар күнделікті кәсіпкерлік нысандарын және арнайы белгіленген
    аймақтарын аралап, санитариялық талаптардың сақталуына бақылау жасауда. Тұрғындар
    арасында отбасылық жиындардан бас тарту туралы түсіндірме жұмыстары үздіксіз
    жүргізіп келеді.

    Өңір басшысы дәрі-дәрмек қорын уақытылы толықтырып, қажет болған жағдайда
    пайдаланатын стационар орындарында емделуге жақсы жағдай жасауды тапсырды.
    «Инфекциялық, провизорлық орындарда емделушілерге дұрыс жағдай жасалу керек.
    Қосымша рентген, өкпені жасанды желдету аппараттарын алуға жұмыс жасаңыздар.
    Оттегі концентраторын да көбейту керек. Дәрілік заттардың қоры жеткілікті болсын.
    Тұрғындар көпшілік орындарда жиналмау керек», – деді облыс әкімі Гүлшара
    Әбдіқалықова.

    қатысты посттар

    ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕМХАНАЛАР ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ

    Фариза

    Қызылорда теміржол вокзалындағы санитарлық жағдай бақылауда

    Фариза

    Қызылордада жыл басынан бері 300-ден аса азамат құқықтық кеңес алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.