Қызылорда облысында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол
картасы» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы қарқынды жүруде . Бұл жұмыстар
пандемия кезеңінде азаматтарды жұмыспен қамтуға септігін тизіуде.
Аталған бағдарлама аясында әлеуметтік-мәдени объектілерін, тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық объектілерін және инженерлік-көлік инфрақұрылымдарын
жөндеу жұмыстары жұмыс орындарын құру арқылы жүргізілетін болады.
2020 жылы жол картасы аясында Қызылорда облысында 276 жобаны жүзеге
асыру жоспарланып, бүгінгі күні оның 275-і іске асырылуда.
Жоба аясында 9 299 жұмыс орнын ашылуды көздеген жобалар бойынша қазіргі
таңда 6 718 жұмыс орны ашылды.
Атап айтқанда:
– Қызылорда қаласында 98 жоба бойынша жұмыстар басталып, 2 724 азамат
жұмыспен қамтылды.
– Арал ауданында барлығы 16 жоба іске асырылуы жоспарланса, нақты жұмысқа
орналасқандардың саны – 505 азамат.
– Қазалы ауданында 42 жобадан 41-і басталды. Нақты жұмысқа
орналасқандардын саны – 1059 адам.
– Қармақшы ауданында 29 жоба бойынша жұмыстар басталып, 163 азамат
жұмыспен қамтылды.
– Жалағаш ауданында 18 жобаның барлығы басталып, 539 азамат жұмысқа
қабылданды.
– Сырдария ауданында 18 жоба бойынша жұмыстар басталып, 321 азамат
жұмысқа қабылданды.
– Шиелі ауданы бойынша барлық 21 жоба бойынша жұмыстар басталды. 649
азамат жаңа жұмыс орындарына қабылданды.- Жаңақорған ауданында 23 жоба іске
асырылуда болса, 539 азамат жұмысқа қабылданды.
Жұмыскерлердің санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтау үшін барлық
аудандар мен Қызылорда қаласында мобильдік рекруттік пунктер құрылды.