4 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 243 МЕКТЕП ҚАШЫҚТАН ОҚЫТЫЛАДЫ

    Жаңа оқу жылында өңірдегі 243 мектеп қашықтан, ал қалған шалғай орналасқан және шағын жинақты 50 мектеп санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі түрде оқытылатын болады.

    «Жұмыспен қамту Жол картасы» шеңберінде республикалық бюджеттен 8 млрд.теңге бөлініп, аталған қаржыға облыстағы 52 білім нысаны жөндеуден өтуде.

    Бүгінгі күнге дейін Сыр өңірінде 2020 жылы 1-сыныпқа баратын 16207 баланың құжаты қабылданған. Білім басқармасының ақпараттық анализі бойынша биыл 1-сыныпқа 19 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттайды.

    Биылғы жылы балаларды 1-сыныпқа қабылдауда ата-аналар мектепке балалардың құжаттарын 2 түрлі жолмен өткізе алады, медициналық анықтамалар уақытша талап етілмейді. Құжаттар қағаз жүзінде мектепке тапсырылады, ал, онлайн «egov» порталы арқылы іске асады. Құжат қабылдауда ата-аналардан тек 4 құжат сұралады. Олар:
    — ата-ананың немесе заңды өкілдерінен өтініші;
    — баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
    — «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысаны;
    — 3х4 көлеміндегі фото.

    Айта кетсек, Қызылорда облысында 293 мектеп бар. Білім беру ұйымдарында 21 мыңнан аса педагог қызмет етеді.

    қатысты посттар

    «Байқоңыр» кешеніндегі қиыршық тас қоспасын жол құрылысына пайдалануға беріледі

    Фариза

    Қызылордадағы цех жылына 60 мың текше метр темір-бетон бұйымдарын шығарады

    Фариза

    Қызылорда облысында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.