-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда қаласында 98 жоба жүзеге асырылуда

    Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев пандемия кезінде халықтың жұмыссыз қалмауын
    жергілікті атқарушы органдарға жіті тапсырған болатын. Осыған орай «Жұмыспен
    қамтудың Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында 18
    млрд. астам қаржы бөлініп, 98 жоба қолға алынды. Облыс орталығындағы әлеуметтік-
    мәдени, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін және инженерлік-көлік
    инфрақұрылымдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

    Атап айтар болсақ, осы жоба аясында қаладағы 109 көшеге орташа жол жөндеу
    жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, 62 жаяу жүргіншілер жолы салынуда.
    Тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту мақсатында биыл көп қабатты үйлердің алдына 30
    дана спорттық алаңдарын салу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 27 алаңның
    құрылысы басталды.

    Облыс орталығында жүзеге асырылатын жобалардың 4 қалалық білім бөлімі
    арқылы іске аспақ. Жаңа оқу жылы қарсаңында 3 мектеп қайта жаңғыртылып, №23
    мектепке күрделі жөндеу жұмысы жүргізу жоспарланған.
    Жоба аясында қалаға қарасты ауылдық окургтерде де атқаралатын істер жетерлік.
    Қазіргі таңда Ақжарма ауылындағы 6 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
    Мұнан бөлек, Қызылөзек ауылдық округінде 2 көшеге, Қосшыңырау ауылындағы 3
    көшеге, Қызылжарма ауылдық округіндегі 11 көшеге жөндеу жұмыстары басталған.
    Тасбөгет пен Белкөл кенттерінде 8 көшенің орташа жол жөндеу жұмыстары бүгінде толық
    аяқталды.

    Осы жобаларды жүзеге асыру барысында жаңадан 4 мың 523 жұмыс орны
    құрылады деп жоспарланған. Бүгінгі күні жұмыспен қамтылғандар саны 2 мың 389-ға
    жетіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    қатысты посттар

    Жол полициясы жол үстінде жүкті әйелді босандырып алды (видео)

    «Жұбайының өртенген денесін көмген әйел бұл істе шикілік бар деп санайды.» Шуда полиция мен тұрғындар арасында қақтығыс бола жаздады

    14 желтоқсаннан бастап аймақтар карантинге жабылып, блок-бекеттер қойыла ма?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.