-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында Қазалы ауданындағы қазіргі эпидемиологиялық ахуал талқыланды

    Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен селекторлық
    режимде Қазалы ауданының эпидемиологиялық ахуалына қатысты мәжіліс өтті.
    Жиында алдымен аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың індеттің алдын-алу және
    таралуын болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндамасы
    тыңдалды.

    Бүгінгі күнге дейін ауданда дейін COVID-19 инфекциясымен ауданда 78 науқас
    тіркелген. Олардың 8-і инфекциялық бөлімінде ем алып жатса, 26-ы жеңіл жағдайда
    болғандықтан үй карантинінде. Ал, 44 науқас індеттен толық айыққан.
    Пневмония диагнозы бойынша 59 науқас тіркелген. Оның 43-і ауданаралық
    ауруханада, 16-ы теміржол ауруханасында ем алуда. Ауруханадағы науқастардың
    кислород тапшылығын болдырмау мақсатында медицина мекемелеріне 400 дана оттегі
    толтырылған баллондар берілді. Жергілікті ауруханаларға аудандық бюджеттен қосымша
    5 дана оттегі концентраторы сатып алынды. Бұған қоса кәсіпкерлер мен ынталы топтар
    арқылы қосымша 10 дана оттегі концентраторы алу жоспарлануда.

    Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар Қазалы ауданаралық ауруханасы
    мен Қазалы теміржол ауруханасында емделуде.

    Бүгінгі күні аудандық ауруханадағы 70 орындық провизорлық стационарда 40
    науқас ем қабылдап жатыр. Ал, Қазалы теміржол ауруханасының 20 төсектік провизорлық
    стационардың толық болуына орай, жанындағы бұрынғы перзентхана ғимаратын 50
    орындық провизорлық стационарға бейімдеу мүмкіндігі қарастырылмақ.
    Эпидемиологиялық ахуал күрделене түскен жағдайда Қазалы аграрлы-
    техникалық колледжінің жатақханасын да 35 орындық провизорлық стационарға бейімдеу
    қолға алынатын болады.

    Халықты сұранысына сәйкес ауданда жылжымалы дәріхана тәжірибесі
    қолданылған. Бүгінгі күні аталған дәріхана халықтың жоғарғы сұранысына ие болып,
    қажетті дәрі қорларын жасақтап, тұрғындарға жеткізу ұйымдастырылуда.
    Жиында облыс әкімі аудан орталығына қашық орналасқан елді-мекендерді жедел-
    жәрдем қызметімен толық қамтамасыз етуді қатаң тапсырды.

    «Бүгінде алыс ауылдарда жедел-жәрдем қызметінің жеткіліксіздігі байқалуда.
    Осыған орай, барлық елді-мекендерді назардан тыс қалдырмаңыздар. Ол жақта да
    санитарлық талаптардың қатаң сақталуын жіті бақылауға алған жөн. Аудандағы
    провизорлық стационарлардың қатарын көбейтіп, дәрі-дәрмек қоры толықтырылып
    отыруын қадағалау қажет. Сонымен қатар, жерлеу рәсімдеріндегі карантиндік талаптарды
    көшейтуді қатаң тапсырамын. Мұндай рәсімде 1 дәрігердің болуын қаматамасыз
    етіңіздер», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

    Сондай-ақ аймақ басшысы ауруханаларға қажетті оттегі концентраторын алдыру
    мәселесін жан-жақты шешуді қатаң тапсырды.

    қатысты посттар

    Желіде үйқамақта отырған Елжан Біртановтың фотосуреті тарады

    Фариза

    Қызылордада автобустарға электрондық билет жүйесі енгізілді

    Фариза

    «Мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға қысқарады». БҒМ пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.