-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    МӘМСҚ Қызылордада коронавирустан емделіп жатқан науқастарға 601,9 млн теңге бөлді

    Коронавируспен және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеу үшін наурыз-
    маусым айларында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қызылорда облысының
    стационарларына 39 848 төсек-орынға 601,9 млн теңге бөлді. Бұл туралы «ӘМСҚ» КЕАҚ
    Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.
    Б. Исмаханбетов атап өткендей, наурыз айымен салыстырғанда маусымда төсек-
    күннің жалпы саны 28 есеге артты. Осы кезеңде карантиндік стационарларға 28 556 төсек-
    күн, жұқпалы аурулар үшін 6 573 төсек-күнге қаржы төленді.

    Маусым айында наурыз айымен салыстырғанда провизиялық стационарларда
    төсек-күн саны айтарлықтай өсті: наурыз айында 82 төсектен маусым айында 1 821 төсек-
    күнге дейін.

    Төсек-күнге пациенттің стационарда орны, аурудың диагностикасы мен емі
    кіреді.

    Қазір денсаулық сақтау жүйесінде төсек қорын ұлғайту қажет. Қазақстандықтарға
    медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін Қор шілде айында медициналық
    ұйымдарға тарифті көтерді.

    Енді Қор провизорлық стационарға 1 төсек-күн үшін 21,9 мыңнан астам теңге
    төлейді; тәулік бойы стационарға – 32,2 мыңнан астам теңге; науқасты анестезиология,
    реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеу үшін – 1 төсек-күн үшін 70 мың
    теңгеге жуық бөледі.

    Қор филиалының директоры мәлімдегендей, Медициналық сақтандыру қорында
    аталған қызметтерге тарифтің артуы Қор жеткізушілерінің санын көбейтуге, коронавирус
    пен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеуге жеке ауруханаларды белсенді тартуға
    және стационарлардағы медициналық көмектің сапасын ынталандыруға мүмкіндік береді.
    Қазіргі уақытта Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қызылорда облысы
    бойынша филиалы 10 инфекциялық/провизорлық стационармен орындау/бірлесіп
    орындау шарттарын жасасты.

    Осы жылдың 30 маусымынан төсек саны 1 835-ден 2 410-ға дейін артты,
    575 төсек (31,3%) қосылды. Төсек қорының 70% бос емес. Covid 19 емдеуге тартылған
    стационарлардағы орындарға күн сайын мониторинг жүргізіледі. Бұл көрсеткіш жергілікті
    атқарушы органдардың жұмысының индикаторы болып табылады. Өңірдегі кереует
    қорының 70 пайызы бос емес, резервтен қосымша кереует ашу бойынша шаралар
    қабылдануда.

    Сонымен қатар, № 10 Клиникалық Хаттамаға, 2020 жылғы 4 шілдедегі № 104
    басылымға сәйкес, аурудың асимптоматикалық және жеңіл түрі бар науқастарды
    тұрғылықты жері бойынша аумақтық емханалардың учаскелік дәрігерлері бақылайды.
    Стационарлық емге Covid-19 шалдыққан орташа ауыр және ауыр жағдайдағы
    пациенттер ғана жатқызылады.

    Сондай-ақ, амбулаториялық деңгейде медициналық көмекке қол жеткізу
    мақсатында емханалар жанында мобильді бригадалар құрылды, олар үйде медициналық
    қызметтер кешенін көрсетеді (дәрігерді қарау, ем тағайындау, рецепт жазу,
    манипуляциялар жүргізу және т.б.). Сондай-ақ, үйде стационарлық қызмет ұйымдастыру
    да қарастырылған.

    қатысты посттар

    Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету: Тоқаев Ішкі істер министрлігіне тапсырма берді

    Фариза

    Көлгінов Нұр-Сұлтан тұрғындары вакцина салдыру арқылы екі бөлмелі пәтер ұтып алу ойынына қатыса алатындығын айтты

    Фариза

    Қызылорда: Қазалыда 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.