Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Бүгінгі қоғамның санасы жиіркенішті деңгейге түсіп кеткені қалай? Суреттер сөйлесін

    Соңғы уақыттарда адамдардың табиғат пен жануарларға көрсеткен өрескел әрекеттері күннен-күнге артып барады. Адамдар өздерінің қызығушылықтары мен қатігездіктерінің әсерінен оларға аяусыз қасірет әкелуде. Қарапайым күнделікті адамдар жүретін орындардан бөлек, демалуға арналған аймақтардың өзі қоқыстан көз ашпайды. Соған байланысты бүгін Президент
    Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдіріп, табиғатқа алаңдаушылық білдіргендердің уайымы орынды екендігін жеткізді.

    «Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті «Көбейтұз» көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды», — деді ол.

    Расында, коронавирус індетімен арпалысып, жағымсыз жаңалықтардан шаршаған қарапайым халыққа бұл екі есе ауыр соққы десек, қателеспеген болар едік. Кейбір мәдениеттен алыс адамдардың әсерінен табиғат пен жануарлар адамдардан қорлық көруде.

    Қоғамда қызу талқыланып жатқан Көбейтұз көлі. Карантиннен әбден қажыған халық еліміздегі індеттің өршеленіп бара жатқандығына қарамастан көлге барушылардың саны артқан. Тіпті, карантин ережелері, арақашықтық сақтау секілді қарапайым ережелерге де мән бермеген. Ал ең сорақысы адамдар Көбейтұз көлінің тұзын алып, оларды коронавирусқа қарсы ем ретінде 5000 теңгеден жоғары бағада сатуды қолға алған.

    Ал Бурабайдағы жағдайды айтудың өзі қорқынышты. Жағажайға демалуға келген адамдар үйілген қоқыстардың арасында жүр.

    Дәл осы жағдай Алматыдағы Көк жайлау табиға саябағында да басты мәселеге айналып отыр. Тауға шығуға келген адамдар қоқыстарын қалаған жерлеріне тастап, табиғатқа зиянын тигізуде.

    https://www.instagram.com/p/CAkzHWRDtnX/?utm_source=ig_web_copy_link

    Ал мына бикеш болса, елімізде сирек кездесетін «Қызыл кітапқа» енген гүлді суды кешіп өтіп алған. Бар мақсат лотос гүлімен суретке түсу.

    Бұл суреттер арқылы бізге жеткен нақты дәлелдер ғана. Ал бұдан бөлек біз көрмеген дүние қаншама.

    Мұндай қатігездік, тіпті балалардың арасында жоқ емес. Маңғыстау облысындағы мына балалар судағы итбалықты өлгенше сабаған.

    Ал бүгін белгісіз адамдар жаңадан туған иттің күшіктерін шелекке суды құйып, ішіне салып кеткен. Жарық дүниеге енді ғана келген тіршілік иелерін дәл бұлай қинау қандай санасыз адамның миына жетті екен?

    Естеріңізге сала кетсек, біраз уақыт бұрын Атыраудағы мына жігіттің итке жасаған азғындық әрекеті жұртты шулатқан болатын.

    Міне, бұл — біздің қазіргі қоғамның көрінісі. Расында, көрген адамның жағасын ұстатар мұндай қатігездік, мұндай мәдениетсіздік адам ойына қайдан келеді немесе мұндай әрекетке барғандарды адам деп айту дұрыс па? Сөйлер тілі жоқ табиғат пен адамға шамасы жете бермейтін жазықсыз жануарлар кімге соншалық осынша қиянат жасайтындай зиянын тигізіп жатыр? Біздің елдің азаматтарының бүгінгі таңдағы санасының көрінісі осындай жиіркенішті деңгейге дейін түсіп кеткені ме? Ел болып бірігіп індетті жеңуге кірісер азаматтар, керісінше, артқа тартар тірлік істеп жүргені мынау?

    қатысты посттар

    Пандемия кезінде ораза ұстау қауіпті ме – Мамандар жауабы

    Фариза

    Қазақстанда химиялық кастрацияны механикалық кастрацияға ауыструдың уақыты келген шығар?

    Фариза

    Балғынбек Имашев: Елбасыға алтыннан ескерткіш қойса да артық болмас еді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.