14 C
Алматы
Жексенбі, 12 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 60-қа жуық жоба мақұлданды

     

    Шымкент қаласында агроөнеркәсіп, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, жиһаз бен үй тауарлары өндірістері құрылатын болады. Бұл жобалар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қаржыландырылып отыр. Аталған бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерден құны 87,8 млрд. теңге болатын 92 жоба бойынша ұсыныс түскен. Оның ішінде 60-қа жуық жоба мақұлданып,  бүгінгі күнге 7,6 млрд. теңгеге 37 жоба қаржыландырылды. Бұл жөнінде кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары мәлімдеді.

    Сонымен қатар, жыл соңына дейін қосымша 23,3 млрд. теңгеге  22 жобаны екінші деңгейлі банктермен қаржыландыру жоспарлануда.

    Айта кетейік, аталған бағдарламаға шағын және орта бизнес субъектілері де, ірі бизнес өкілдері де қатыса алады. «Қарапайым заттар экономикасы» негізінен 2 бағыттан тұрады. Бірінші – кәсіпкерлік субьектілеріне жеңілдетілген несие бөлу, екіншісі – жоғарыда аталған өнеркәсіп салаларын дамыту. Жеңілдетілген несие бойынша банктер кәсіпкерлерге 10 жылға дейін 15 пайызбен несие беріп, оның 9 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланады. Ал, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша оның 10 проценті ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы субсидияланады. Сонда іс жүзінде кәсіпкерлер несиені 6 және 5 пайызбен өтейді.

    Г. ҚАПАЛ

     

    қатысты посттар

    Семей әкімі ҚР Президенті сайлауында дауыс берді

    Расул Медетовтың жұмыс сапары

    Фариза

    Жамбылда әдемі ән кеші өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.