15 C
Алматы
Жұма, 17 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТКЕ ШЕТЕЛДЕН 3 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ҚҰТЫДАҒЫ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ

    Шымкент қаласының қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталды. Бұл туралы қала әкімі М.Әйтенов Үкіметтің селекторлық отырысында мәлімдеді. Жиында қалада атқарылып жатқан эпидемияға қарсы шаралар мен Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.

    Онда әкім қаладағы дәрі тұрақтылығын сақтау мақсатында Үндістан, Ресей, Украина мен Өзбекстан елінен 2 млн 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрі-дәрмек пен 16 млн 700 мың маска жеткізілгенін атап өтті.

    «Мемлекет басшысының халықты дәрі-дәрмекпен қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қалада төрт мониторинг тобы құрылып, 348 дәріханаға тексеру жүргізілді. Нәтижесінде заңсыз дәрі-дәрмек сатумен айналысқан 50 дерек анықталды. Оның ішінде 12 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды. Қалада көтерме дәрі-дәрмек сатумен айналысатын 10 ірі фармкомпания және 560 дәріхана жұмыс істейді. Шетелден дәрі-дәрмек алып келуге аталған фармкомпанияларға бір жолғы рұқсат берілді», – деді қала басшысы.

    Жалпы бүгінде қала қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталған.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жаңа технология – мол өнім кепілі

    Қызылорда: 109 бірыңғай байланыс орталығына 64341 өтініш түскен

    Фариза

    Шымкенттік “Вal-tekstil” кілем фабрикасы мақтааралға жалпы құны 6 млн теңгелік кілем жіберді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.