-0.1 C
Алматы
Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: қаланың орталық көшелерінде ауыр жүк көліктерінің жүрісіне шектеу қойылды

    Қаланың орталық көшелерінде жүк көліктерінің жүрісін шектеу мақсатында қала әкімдігі мен полиция департаментінің мамандарымен зерделеу жұмыстары жүргізілді. Ондағы мақсат — Шымкент қаласының орталық көшелерінде көлік қозғалысын оңтайландыру, кептелістерді болдырмау, жол-көлік оқиғаларын алдын алу және асфальт қабатының бұзылмауын қамтамасыз ету.

    Мегаполисте шілде айынан бастап қала аумағында ірі габаритті ауыр жүк көліктерінің жүрісіне, үлкен салмақты жүк көліктерінің айналма жолын және орта-кіші жүк көліктерінің жүрісіне ішкі айналма жолдар ұйымдастырылып, тиісті жол белгілері орнатылды.

    Мәселен, ауыр жүк көліктері — Түркістан, Темірлан, А-2 «Алматы – Ташкент – Термез», КХ-37, Ташкент тас жолы, Бөгет, Баян батыр, Қамысты, И.Тайманұлы, Қапал батыр, Сайрам, Желтоқсан, Кутузов, Момынов, Жібек жолы, Алматы тас жолы, Қ.Төлеметов, Ынтымақ көшелері, КХ-82, КХ-83,          №1 автомобиль жолдары арқылы жүргізіледі.

    «Қорғасын» және «Меланж» зауыттары аумағында фабрика, зауыт, өндірістік нысандар мен қоймалар көп орналасқан. Сол себепті, тауар, шикізат жеткізу мақсатында Ю.Гагарин, Б.Алпысбаев, Шаумян, Сеченов, Н.Исмаилов, Рашидов, Володар, І.Жансүгіров, Анаров, Ақназар хан, Сайрам көшелерімен үлкен салмақты жүк көліктерінің және орта-кіші жүк көліктерінің жүрісіне жағдай жасалды. (сызбаға сәйкес).

    Сонымен қатар, қаланың ішінде құрылыс нысандары, зауыт, фабрика, қоймалар, өндірістік нысандар, т.б. шоғырлануына орай құрылыс заттары мен тауарларды тасымалдауға жағдай жасау мақсатында қала аумағында ішкі айналма жолды – Т.Рысқұлов, Әл-Фараби көшелері, Темірлан тас жолы, С.Қожанов, Мәделі қожа, Жібек жолы, Ұ.Арғынбеков, Сыпырған ата, Т.Өтегенов көшелері арқылы ұйымдастырылып, жүк көліктерінің салмақты көтеруін 5 тоннаға дейін шектеу қойылды.

    Г. ҚАПАЛ

     

    қатысты посттар

    Шымкент: Қаратау ауданындағы үйлердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік электр энергиясына қосылған

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды

    Фариза

    Маңғыстауда малы қырылған шаруалар үкіметке талап қойды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.