15.3 C
Алматы
Воскресенье, 18 мая 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкен әкімдігі 3 млрд теңге үнемдеді

    Шымкент қаласының әкімдігі ел аумағына төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты басым емес бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында 2020 жылдың бюджетін қайта қарады.

     

    Екі рет нақтылаудың нәтижесінде 3 094,5 млн. теңге оңтайландырылды. Қысқартылған шығынның ішінде  техникалық құралдарды сатып алуға, түрлі іс-шараларды өткізуге, қаланы абаттандыруға арналған қаржы бар.

     

    Үнемделген қаржы індетке қарсы күрес шараларына, ауруханаларды дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтармен қамтуға бағытталды. Нақтылап айтқанда, 1 647,5 млн теңге дәрілік заттар  мен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға, медицина қызметкерлерін уақытша баспанамен қамтамасыз етуге және көлікпен тасымалдауға, оттегі станциясын орнатуға бағытталса, 236,3 млн. теңге қаланы дезинфекциялау жұмыстарына, ал   2 050,0 млн. теңге қаладағы жұқпалы аурулар госпиталының құрылысына   бағытталған.

     

    Және де шілде айында қалалық бюджетті нақтылауы болады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты бюджет шығындарына талдау жасалып, жалпы  7 214,6 млн. теңге оңтайландырылады деп жоспарлануда. Нақтылау кезінде мәдени іс-шаралар өткізу, қаланы көгалдандыру – абабаттандыру, қызметтік іссапарлар, мемлекеттік мұқтажға жер телімдерін алу, құрылыс жұмыстары сияқты шығындар қысқартылады. Аталған қаржы денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕ ОСЫ ЖЫЛЫ 104 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

    Фариза

    Байзақтағы 75 нысан қалпына келтірілді

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЛИФТІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.