Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал жайы және денсаулық саласына
қатысты өзге сұрақтарға ақпарат алу үшін Call орталығы жұмысын бастады.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов пен облыстық
денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазилов басқарманың
ұйымдастыруымен Жастар Денсаулық Орталығы жанынан құрылған Call орталығының
жұмысымен танысып, халықтың сұрағына келіп түскен әрбір қоңырау арқылы тұщымды
жауап берумен қатар, мәселесінің шешілуіне көмектесіп, эпидемиологиялық ахуалға
қатысты барлық ақпаратпен таныстыруды тапсырды.
Call орталық қамтылған 14 қызметкер 24/7 тәртібімен, яғни тәулік бойы халыққа
қызмет көрсетеді.
Қызылорда облысы бойынша 8-800-080-22-26, 40-00-01 Call орталығына
хабарласу арқылы және «Facebook» әлеуметтік желісіндегі #Oblystyq Jastar Densaylygy
Ortalygy парақшасына хабарлама қалдыру арқылы эпидахуал жайлы ақпарат алып, керіс
байланыс орнатуға болады.
Айта кетейік, орталыққа қоңыраулар тегін қабылданады.