-8.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Дәрі-дәрмекті жоғары бағада және заңсыз жолмен сатуға тосқауыл қойылуда

    20 шілде күні Түркістан облысы прокуратурасымен құрылған жұмысшы топпен, Түркістан облысы бойынша қылмыстық экономикалық департаментінің және Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесе Сарыағаш ауданында орналасқан кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасына жалпы құны 3,6 млн. теңге тұратын 56 қорапта (952 дана) «COVID-19» инфекциясына арналған тесттіні жүк көлігімен жасырын түрде алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды.

    Жүргізушінің айтуы бойынша аталған тауарды Ресей Федерациясынан алып келген, бірақ кеден бекетінен өту барысында аталған тесттерге декларация тапсырмаған.

    Аталған факт бойынша уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 551-бабы 1-тармағымен әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, декларацияланбаған тесстер тәркіленді (30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды).

    Одан бөлек, соңғы 4 күнде жұмысшы топпен тағы да 15 дәріханада жоғары бағада сатылған дәрі-дәрмектер анықталды. Келес ауданында болса тұрғын үй жағдайында жеке тұлғамен рұқсатсыз дәрі-дәрмек сатумен және оны егумен айналысқан азамат ұсталды.

    Әрбір дерек бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін жинақталған іс-құжаттар уәкілетті органға жолданды.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қызылордада жыл соңына дейін мыңға жуық отбасы баспаналы болады

    Фариза

    Қызылордада облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.