17 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада «Syr Volonterlary» орталығы ашылды

    Қызылорда облысында «Волонтер жылын» нәтижелі іске асыру мақсатында «Syr
    Volonterlary» орталығы ашылды.

    Орталық Волонтер жылы аясындағы 7 бағыт бойынша онлайн форматта
    жұмыстар жүргізетін болады.
    Атап айтқанда:
    1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау шараларына волонтерлерді тарту
    бойынша «Birgemiz: Asyl mura».
    2. Жоғалған адамдарды іздеу, зілзала қауіп-қатерін азайту және табиғи және
    техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша «Birgemiz: Úmit».
    3. Оқушылар мен студент жастарға үйірмелер, компьютерлік сауаттылықты
    арттыратын онлайн сабақтар мен курстар өткізуге бағытталған «Birgemiz: Bilim».
    4. Онкологиялық диспансерлерде, ауруханалардағы науқастарға медициналық
    көмектер беруге бағытталған «Birgemiz: Saýlyq».
    5. Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалап, ағаш отырғызуға
    бағытталған «Birgemiz: Taza Álem».
    6. Қарттар үйлеріне, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге
    бағытталған «Birgemiz: Qamqor».
    7. Өмірде қиын жағдайға тап болған жастарға, жас отбасыларға көмек беруге
    бағытталған «Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобалары бойынша.

    Орталықтың жұмысына өңірдегі азаматтық қоғам институтары, жастар
    ұйымдарының өкілдері және облыстық ішкі саясаят, жастар саясаты, денсаулық сақтау,
    мәдениет, білім, жұмыспен қамту басқармаларының және төтенше жағдай
    департаментінің қызметкерлері тартылады.

    Орталықтың мақсаты – барлық волонтерларды бір орталыққа біріктіріп,
    ұйымдастыру арқылы халық игілігі үшін қызмет көрсету болып табылады.

    қатысты посттар

    “Одан да жаманы бола ма?”: Абайдағы зорланған баланың адвокаты оған көмектескені үшін өкінеді

    Фариза

    Министр Қазақстандағы жаңа облыстар қашан бөлінетінін айтты

    Фариза

    20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейеді. 6 қалада сауда үйлері жабылып, базарлар жұмысын тоқтатады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.