37.4 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Г.Әбдіқалықова қаладағы дәріханаларды аралап, жоспардан тыс тексеріс жүргізді

    Бүгін облыс әкімі Г.Әбдіқалықова қаладағы дәріханаларды аралап, жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Аймақ басшысы Ғ.Мұратбаев,76 мекен-жайындағы «Europharma», Шұғыла ықшам ауданы,19 мекен-жайындағы «Доктор плюс», Яссауи, 24Б мекен- жайындағы «Farmcity» дәріханаларына арнайы барып, вирусты емдеуге қажетті препараттардың бар-жоғын нақтылады. Дәрі іздеп келген қала тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Олардың айтуынша, осы күні көбіне дексаметазон, ингавирин сияқты дәрілер мен дәрумендер және дене қызуын өлшейтін құрылғар тапшылығы сезіледі. Осыған байланысты аймақ басшысы Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев пен дәріхана иелеріне тез арада дистрибьюторлармен байланысқа шығып, мәселені шешуді тапсырды.

    Айта кету керек, қазіргі күні облыс әкімдігі тарапынан кәсіпкерлермен қажетті дәрі-дәрмек алу жөнінде келісім жасалды. Осы күні ірі дәріхана желілеріне дәрілер жеткізіле бастады.

    https://www.facebook.com/570130433090030/posts/2570948256341561/?vh=e&d=n

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында жүйелі жұмыс жүргізе алмаған бірқатар басшыларға қатаң ескерту жасалып, сөгіс жарияланды

    Фариза

    Қазақстанда қаржы пирамидасының белгілері бар тағы бір компания анықталды

    Фариза

    Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП төрағасы қызметінен кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.