-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Құрбан айт мерекесінде қандай талаптар орындалуы керек?

    Ораза мейрамынан 70 күн өткенен кейін басталатын Құрбан айт мерекесінде қандай талаптар орындалуы керек? Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалатын адамға қойылатын талаптарды хабарлады.

    Құрбандық шалатын адамға қойылатын талаптар:
    — ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылман болуы; 
    — тұрғылықты мекенде болғаны, яғни, сапарда болмағаны абзал; 
    — нисап мөлшерінда артық дәулеті бар адам болуы.

    Құрбанға қандай мал шалынуы тиіс? 
    — бес жасар түйені 7 адам бірігіп немесе бір адам шала алады. 
    — екі жасар сиыр малын 7 адам бірігіп немесе 1 адам шалуына болады. 
    — бір жасар қойды 1 адам шалады.

    Құрбан шалу тәртібі қандай? 
    — пышақ малдың көзінің алдында қайралмауы керек; 
    — малды сол жамбасына жығып, кеудесімен құбылаға қарату қажет; 
    — құрбан шалуға ниет ету (өз атынан немесе өзгенің атынан); 
    — бауыздар алдында «Бисмиллә, Аллаһу әкбар!» деп айту; 
    — малдың өңешін, кеңірдекті және мойынның екі жағындағы тамырды бір мезетте кесу; 
    — малдың қаны толық ағып, жаны шыққанша күту қажет.

    Құрбандыққа қандай мал шалынбайды? 
    — малдың бір немесе екі көзі бірдей соқыр болса; 
    — құрбан шалу орнына өз бетімен жете алмайтындай ақсақ болса; 
    — тістерінің көбі жоқ болса; 
    — мүйіздері сынған немесе бір сыңары түбіне дейін жоқ болса; 
    — бір немесе екі мүйізі түбіне дейін кесілген болса; 
    — құйрығының жартысы немесе одан көп бөлігі жоқ болса; 
    — мал тым әлсіреген күйде болса; 
    — туғаннан құлағы немесе құйырығы болмаса; 
    — лас қалдықпен тамақтанып жүрген мал жарамсыз.

    Құрбанға шалынған малдың етін қалай үлестіру қажет? 
    — еттің 3/1 бөлігін өзінің отбасына, бала-шағасына; 
    — 3/1 бөлігі туған-туыстары мен көршілеріне; 
    — 3/1 бөлігін кедей және мұқтаж жандарға үлестіру абзал.

    Құрбан шалудың тыйымдары қандай? 
    — шалынған малдың терісі мен қалған еті, басы мен басқа да бөлшектері сатылмауы тиіс; 
    — малдың көзінше пышақ қайрауға болмайды; 
    — соятын малға қатыгездік танытуға болмайды; 
    — өтпейтін пышақпен бауыздауға тыйым салынады.

    қатысты посттар

    «Ең әуелі балаларымның тағдырын ойран еттім» Сириядан оралған Қазақстандық өткен істеріне өкінетінін айтты (видео)

    Қызылордада мәдениет саласы бойынша 22 жоба жүзеге асырылады

    Фариза

    Қызылорда облысынан 47 мың тонна ауыл шаруашылығы тауары экспортталған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.