-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында жедел-жәрдем шақыртушылар саны азайды

    Мемлекет басшысы COVID-19 індетімен күресу мақсатында министрлер мен
    облыс әкімдерінің алдына нақты тапсырмалар жүктегені белгілі.
    Індетпен күресу жолында елімізде бірқатар шаралар қабылданып, дер кезінде
    тиісті жұмыстар жасалуда.

    Осы тапсырмаларды орындау және аймақ халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
    үшін 5 шілдеден бастап Бас санитарлық дәрігердің Қаулысымен Қызылорда облысында
    қатаң карантиндік режимі енгізілді.

    Осыған орай, мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдары,
    квазисекторлық ұйымдар, барлық ауруханалар мен емханалар күшейтілген тәсілмен
    жұмыс жасауға көшті.

    Жағдайды қайта бағамдап, халық сұранысына сай қажетті шараларды күшейту
    мақсатында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі бірқатар
    ауруханалар мен емханаларды аралап, туындаған мәселелерді жедел шешу жолын
    қарастыруға тапсырма берді.

    Бірінші. Инфекциялық және провизорлық төсек-орындарын көбейту.
    Сыр өңірінде инфекциялық стационарда барлығы 645, провизорлық стационарда
    1790 төсек-орындары бар. Яғни стационарларда орын тапшылығы жоқ, егер қажеттілік
    туындаған жағдайда жеке клиникаларды да оңтайландырып пайдалануға келісім бар.

    Екінші. Жасанды өкпені желдету аппараты мен оттегінің жетіспеушілігі.
    Медицина мекемелерін аралау барысында бірқатар аурухана басшылары негізгі
    проблемалардың бірі ретінде, оттегі баллондарының жетіспеушілігін атап өткен болатын
    Осыған орай, облыс ауруханаларды үздіксіз, жеткілікті көлемде оттегі баллондарымен
    қамтамасыз ету үшін өндіруші мекемелермен бірлесіп жұмыс жасау туралы сала
    басшылары мен қала, аудан әкімдері барлық мүмкіндіктерін пайдалануда.
    Сонымен қатар, облыстық көпбейінді аурухана жанынан оттегі өндіретін цех салу
    жұмыстары қолға алынып, облыстық бюджеттен 80 млн. теңге қаржы бөлінді.
    Облыс бойынша жұмыс жасап тұрған 64 өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты бар.
    Осыған қосымша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне 63 өкпені
    жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратына тапсырыс берілді.Сондай-ақ, маусым айында 20
    портативті аппараты алынған. Күні кеше демеушілер көмегімен 10 жасанды өкпе
    желдеткіші (ИВЛ) аппараты емдеу ұйымдарына жеткізілді.

    Сонымен қатар, аймағымыздағы емдеу ұйымдарына қайырымдылық қорларынан,
    кәсіпкерлер және еріктілер тарапынан апта басынан бері барлығы 34 дана «Кислородты
    концентратор» медициналық құрал жабдығы және 60 дана «Кислородты редуктор БКО
    50-12,5 КОАСС» құралы жеткізілсе, жергілікті қаражат есебінен 14 дана «Кислородты
    концентратор» алынып, провизорлық стационарларға берілді.
    Сонымен бірге шілде айының ішінде қосымша 190 дана «Кислородты
    концентратор» медициналық құралын «Шұғыла» қоғамдық қоры жеткізіп беруге ұсыныс
    алуда.

    Қазіргі таңда науқастар арасында өңірімізде жасанды өкпе желдеткіші аппараты
    мен мен кислородты концентраторға тәуелділік азайып отыр.
    Мәселен, көпбейінді қалалық ауруханада шілде айының басында тәулігіне 170
    кислородты баллонға қажеттілік туындаса, қазіргі таңда бұл қажеттілік 2 есеге төмендеп,
    70-80 балон ғана пайдалануда.

    Үшінші. Дәрі-дәрмек тапшылығы.
    Вирусқа қарсы препараттар бар, алайда дистрибьюторлар тарапынан тапсырыста
    көрсетілген көлем толығымен жеткізілмеген болатын, қазіргі таңда дәрі-дәрмек тарапынан
    мәселе жоқ.

    Сонымен қатар, облыстық медициналық стационарларға СК «Фармация»
    тарапынан дәрі-дәрмек қоры жасақталған.
    Сондай-ақ, дәріханаларға дәрі-дәрмек қоры жеткізілді. Ал дәрі-дәрмектің шекті
    бөлшек бағалары туралы толық ақпаратты «DARI.KZ» қосымшасынан көруге болады.
    Дәріханаларда дәрі бағасының ретсіз өсуі туралы деректер мен сауалдарыңыз
    болса аталған қосымша арқылы электронды түрде немесе 40-00-01, 109 жедел желілеріне
    хабарласуға болады. Жедел желі тәулік бойы үздіксіз жұмыс жасайды.

    Төртінші. Жедел жәрдем қызметі.
    Аймағымыз бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделі кезде тәулігіне 2 жарым
    мыңнан астам шақыртулар келіп, жүктеме 2 есеге артқан болатын. Қазіргі таңдағы
    ахуалдың тұрақталуына байланысты шақыртулар саны да азайды.
    Атап айтар болсақ, жалпы шақырыс екі есе азайса, дене қызуымен 3 есе,
    пневмония 2, 2 жарым есе азайды.
    Қазіргі таңда жедел жәрдем шақыру саны 1200-1300-ті құрауда.

    Алтыншы. Мобильді топ.
    Науқастарға амбулаторлы жағдайда медициналық көмектің қолжетімдігін
    қамтамасыз ету мақсатында және динамикалық бақылауды қажет ететін науқастарды үй
    жағдайында бақылау үшін облыс бойынша 125 мобильді топтар ұйымдастырылды. Оның
    33-і қалада, 28-і аудан орталықтарында және 64-і елді мекендерде халыққа қызмет
    көрсетуде. Мобильді топ құрамына 1 дәрігер, 1 орта буын қызметкері және 1 жүргізуші
    кіреді.

    Одан бөлек, ағымдағы жылдың 13 шілдесінен бастап пневмония диагнозы
    қойылып, амбулаторлы емді қажет ететін науқастарға «Үй жағдайындағы стационар»
    қызметі қосылған болатын. Бүгінгі таңда аталған қызмет 7 БМСК ұйымында (№1,6
    қалалық емхана, «Сенім» ЖШС, Арал, Қармақшы, Жаңақорған аудандары және «Қазалы
    теміржол» ЖШС) іске қосылған.

    Айта кетейік, Сыр еліндегі коронавируспен күрес бағытындағы жұмыстар алдағы
    уақытта да жалғасатын табатын болады.

    қатысты посттар

    Қызылордада жол жөндеуге 20 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді

    Фариза

    «Ешкім жәбірленушіні жақтамайды». Тальгода зорланған қыз әділдік іздеп мұңын шақты (видео)

    Ауғанстаннан кеткісі келгендер өзін қазақпын деп таныстырып жатыр — СІМ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.