Воскресенье, 27 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада 42 мыңнан астам адамға 42 500 теңге тағайындалды

    Бүгінге дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
    Қызылорда облысы бойынша филиалының базасы арқылыкарантин уақытында табысынан айырылған облысымыздың 42 174 тұрғынына 42 500 теңге көлемінде төлем жасауға
    жіберілді.

    Ал, 27 665 қызылордалыққа автоматты түрде SMS жолданып, табысынан
    айырылғандығын растау жұмыстары жүргізілді.
    14 807 азамат TelegramBot қосымшасы мен 42500.enbek.kz вебсайты арқылы
    өтінім жолдады.

    Қазіргі таңда қиын жағдайға тап келіп, кірісінен айырылған өз-өзін жұмыспен
    қамтушыларға, жеке кәсіпкерлікпен шұғылданушыларға мемлекет тарапынан 42 500 теңге
    бөлінуде. Осы ретте, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының
    әлеуметтік сала мамандары демалыс күндерге қарамай еңбек етіп, табысынан
    айырылғандарға төлемақының уақытылы төленуіне жұмыс жасауда.
    Айта кетейік, бұл тек 19 шілдедегі сағат 17:00-дегі ақпарат. Негізі өтінімдер
    базаға күнделікті келіп түсуде. Бұған дейін 42500 теңге алған азаматтарға 1414 арқылы
    СМС хабарламасы жолдануда. Егер оған дұрыс жауап берсеңіз, өтінім жолдамай тиісті
    төлемақы тағайындалатын болады.

    Ескерте кететін жағдай, егер жеке кәсіпкерлікте жұмыс істеп, ақысыз еңбек
    демалысына жіберілсеңіз онда өтінімді жұмыс беруші жолдауы қажет.Әлеуметтік төлем
    алуға өтінімді eGov электронды үкімет порталы мен 42500.enbek.kz вебсайты және
    Telegram-бот, kaspi.kzмобильді қосымшалары арқылы онлайн түрде жолдауға болады.

    қатысты посттар

    Шымкент: 6 айда индустриялық аймақтардан 1,3 млрд теңге көлемінде салық түскен

    Фариза

    Газ бағасы 2024 жылға дейін қымбаттамайды

    Фариза

    Жаңа облыстарда әкімдіктер құруға 12 млрд теңге жұмсалмақ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.