-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сырдария ауданындағы «Жылыжай» жобасын инвесторлар жүзеге асырмақ

    Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов «Жылыжай» жобасы бойынша
    аудандағы инвесторлармен кездесті. Кездесуге облыстық мәслихат депутаты, «Углесбыт»
    ЖШС директоры Р.Есенов, «Мағжан және К» ЖШС төрағасы Д.Ералиев, «Мәді-Қажы»
    ЖШС төрағасы С.Сұлтанов, «Бесарық» ЖШС төрағасы М.Биболатов және тиісті бөлім
    басшылары қатысты.

    Кездесуде аудан әкімі ауданда «Жылыжай» жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік
    мол екенін атап өтті.

    «Кәсіпкерлікті дамыту – экономиканың драйвері. Қазіргі кезде тұрғындар
    кәсіпкерлікке бет бұрып, шаруасын дөңгелеткені жөн. Тың бастама, жаңашыл идея
    арқылы өз ісін бастауы керек. Осы ретте ауданда жылыжай салуға қатысты жобаны
    жүзеге асыруды қолға алдық. Қолдау тауып, жүзеге асқанда мұның тиімділігі мол», – деді
    аудан әкімі.

    Жиында «Жылыжай» жобасын аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
    Н.Әзірбек түсіндіріп өтті. Жобаның құны 3 млн 500 мың теңгені құрайды. Егілетін қияр
    сорты – «Зена». Оның пісіп, жеміс беру уақыты 50 күнді қамтиды. 1 түптен 7 келі өнім
    алынады. Жалпы жылыжайға бір жылда кемінде 3 мәрте қияр егіп, мол өнім жинау
    мүмкіндігі бар. Сондай-ақ аталған жоба негізінде қызанақ өсіруге де болады.
    Кездесуде серіктестік төрағалары жаңа жобаның тиімді екеніне тоқталып,
    ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

    Аудан әкімі аталған жоба жүзеге асқанда сырдариялықтар жұмыспен
    қамтылатынын айтты. Жаңа жобаға инвесторлар, шаруашылық төрағалары қолдау
    көрсететініне сенім білдірді.

    қатысты посттар

    Қорғаныс министрі сарбаздардың өлімі туралы: Бұған армия ғана кінәлі емес

    Фариза

    Қызылорда облысында тойханалар өндіріс орнына айнала бастады

    Фариза

    Карантин: Қызылордада 3500-ден астам кәсіп иесіне ескерту жасалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.