26 C
Алматы
Суббота, 13 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    КӘСІПКЕРЛЕР «ШЫМКЕНТ ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА» ҚОРЫ АРҚЫЛЫ КОРОНОВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 100 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛДІ

    Шымкент қаласының кәсіпкерлері коронавируспен күрес шараларына өз үлестерін қосып отыр. Жомарт жандар «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік-қайырымдық қорына бүгінге дейін 100 млн теңгеден астам қаржы бөлген. Бұл туралы қор директоры Дәуренбек Құрбаниязов мәлімдеді

    Оның айтуынша, бұл қаржыға 5 дана өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты алынған. Құралдардың төртеуі жаңа жұқпалы ауруханаға, біреуі кардиологиялық орталыққа орнатылған. Бүгінде осы мақсатқа жұмсалған қаржы көлемі 90 млн теңгені құрайды.  Сонымен қатар, қызметтік борышын өтеу барысында қаза болған дәрігерлердің отбасына да  «Шымкент қайырымды қала» қоры тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді. Күні бүгінге дейін қордың көмегімен қосымша ашылған провизорлық орталықтардағы төсек-орынға арналған 30 кереует пен 2400 литр минералды су алынған. Алдағы аптада 10 мың бетперде мен 1000 дана медициналық киім тарату жоспарланып отыр.

    Айта кетсек, «Шымкент – қайырымды қала»  қорының негізгі мақсаты – әлеуметтік, мәдени, ғылыми, спорттық, білім беру мақсаттарына қол жеткізу, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар басқа да әлеуметтік пайдалы мәселелер. Бұл қор коронавирустық инфекциямен күресте үлкен әлеуметтік көмек көрсетіп келеді.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Таразда жеті инвестициялық жоба іске асырылуда

    Фариза

    Шымкент: Әлеуметтік көмекті қажет ететін 20 150 отбасының балалары компьютермен қамтылған

    Фариза

    Жамбыл облысы ветеринариялық пункттермен қамту бойынша республикада алдыңғы қатарда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.