-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда стационарларын ПТР тестпен қамтамасыз етуге 60,1 млн теңге бөлінді

    Пандемия басталғалы бері коронавирустық инфекциямен күресуге республикалық
    бюджеттен 2 млрд-тан астам теңге бөлінді.

    Қаражатты бөлумен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры айналысады.
    Қордың облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов атап өткендей, 3 айда 1,1
    млрд теңге жұмсалған, ал 1,2 млрд теңге қорда тұр. Сонымен қатар коронавируспен
    күресетін медициналық мекемелерге қосымша 700 млн теңге бөлінді.

    «Біздің қор» Covid-19 індетімен күресу үшін медициналық мекемелергетқаржылық қолдау көрсетеді. Пандемияға байланысты филиал өз қызметін ең алдымен коронавирусқа қарсы күреске жедел түрде ұйымдастырады. Наурыз айынан бастап коронавирус инфекциясымен күрес бойынша барлық іс-шараларды, оның ішінде осы бағытта жұмыс істейтін дәрігерлер үшін қаржылай ынталандыру қор арқылы өтелді», – деді ол.

    Коронавируспен күрес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне
    кіреді, яғни пациенттерді емдеу және тест тапсыру тегін жүргізілуі тиіс. Бұл мақсатқа қор
    қажетті қаражат бөлді, бірақ медициналық мекемелер ауруды жұқтырғандардың күрт
    өсуіне дайын болмады.

    «Пневмония» немесе «Covid-19» диагнозына қарамастан пациенттер бүгінгі күні
    ТМККК қаражаты есебінен емделеді, яғни азаматтардың сақтандырылуы мәселесі өзекті
    емес. Біздің тарапымыздан қаржыландыруда өзекті мәселелер жоқ. Біз ай сайын ақша
    бөлеміз. Азаматтарды тегін тестілеу, жергілікті жерлерде тегін көмек көрсету және дәрі-
    дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері қызықтырады. Мұның бәрі облыстық денсаулық
    сақтау басқармасы мен орталық уәкілетті органның құзырында», – дейді Бақыт
    Исмаханбетов.

    Бұдан басқа, қор ПТР тестілеу үшін қомақты қаражат бөлді. Аймақтың
    стационарларын ПТР тестпен қамтамасыз етуге шамамен 60,1 млн теңге қаржы бөлінген.
    Оның 43,5 млн теңгесі игерілмеген. Ал алғашқы медициналық-санитарлық көмек
    көрсететін 21 ұйымға 153 млн теңге бөлінді.

    Оның айтуынша, тегін тестілеуді өткізуге тиісті орталықтар қазіргі туындаған
    жағдайға қауқарсыз болып отыр. Сондықтан халықтың басым бөлігі ақылы орталықтарда
    тест тапсыруға мәжбүр болды.

    қатысты посттар

    Қазақстандықтарға қандай жер телімі тегін беріледі?

    Фариза

    Дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды — Мамин коронавирустың жаңа толқыны туралы

    Фариза

    Меншік иесі ауысқан кезде электрмен жабдықтау шарты қалай жасалады?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.