1 C
Алматы
Суббота, 15 марта 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте магистралды 75 шақырым жол жөнделуде

    Шымкент қаласындағы магистралды жолдардың 75 шақырымында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы мен айналма жолының қайта құру жұмыстары қамтылған. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

    Басқарманың мәліметінше, ірі жобалар қаладан шығатын барлық бағыттарды қамтып отыр. Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары автомобиль жолдары 2023 жылға дейін пайдалануға тапсырылатын болады.

    Атап айтқанда қалада магистралды А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары жүргізіліп келеді. Жалпы ұзындығы 31,6 шақырымды құрайды. Сегіз  кезеңнен тұратын  жол құрылысының болжамды құны 23 млрд. теңге.

    Ал, Қонаев көшесі жалғасы құрылысының жалпы ұзындығы 21 шақырым болса, оның құны 36 млрд. теңгені құрап отыр. Бұдан бөлек, Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылысы жүруде. Оның ұзындығы 7,6 шақырым, құны 3,6 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп күтілуде.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Семейде жыл басынан бастап абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 1200-ден аса тұлға жауапқа тартылды

    Жамбылда 112 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

    Фариза

    Қызылорда облысына қажетті көмірдің 69 пайызы жеткізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.