-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Шиелі ауданының ахуалын тексерді

    Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Шиелі ауданына
    барды. Сапар барысында эпидемиологиялық жағдаймен танысып, медицина саласында
    атқарылып жатқан жұмыстарды және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік
    бағдарламасының орындалуын тексерді.

    Аудандық ауруханада стационарлық ем қабылдап жатқан науқастармен арнайы
    кездесіп, хал-жағдайын біліп, жұмысымен танысқан өңір басшысы бас дәрігерге
    емделушілерге жақсы жағдай жасалып, дәрілік заттар жетіспеушілігінің алдын алуын
    тапсырды.

    «Күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты індетпен күресу жұмыстарын
    күшейтуіміз қажет. Емделушілерді қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп, дұрыс
    тамақтануына назар аударыңыздар. Біз үшін әрбір тұрғынның денсаулығы маңызды», –
    деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

    Мұнан соң өңір басшысы аурухананың ыңғайластырып дайындалған изоляторлық
    және провизорлық орталығының жұмысымен танысып, мобильді топтардың жұмысын
    дұрыс үйлестіруді тапсырды.

    Бүгінгі таңға ауданда коронавирус инфекциясы нақтыланған 167 жағдайы
    тіркелген. Оның 98 толық сауығып шығып, қалған науқастар ем алуда. Пневмониямен 170
    науқыс тіркелген. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудандық аурухананың ескі 3
    қабатты ғимаратында 200 орын, оның ішінде 80 төсек-орындық изолятор, 120
    провизорлық орындар әзірленген.

    Шиелі ауданы бойынша әр елді мекенде 17 санитарлық мобильді топ құрылып,
    шақыртуларды қабылдауда. Ал, Шиелі кенті бойынша 5 мобильді топ жұмыс істеуде.
    Мобильді топтардың барлығына аудандық дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ
    әкімдерінің қызметтік көліктері берілген.

    Әріқарай облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аудандық дәріханалардың дәрі-
    дәрмек қорын тексеріп, процедуралық ем қабылдау бөлмелерінің жұмысымен танысты.
    Сонымен қатар, медициналық бетперделер тігетін «Тоғжан» тігін
    шеберханасындың жұмысын көрді. Өңір басшысы аудан әкіміне дәрілік заттардың
    бағасын және уақытылы жеткізілуін бақылауда ұстауды тапсырды.

    Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес дәрі-дәрмек заттардың жетіспеушілігін жою
    мақсатында облыстан фармацефтикалық компанияларға берілген өтінмнің 10 млн.тенгесі
    Шиелі ауданына бөлінген. Бұл қаржы декзаметазон, антикоагулянттар, ерітіндідегі
    аскорбин қышқылы және т.б дәрілік заттар алуға жұмсалады.

    Сапар барысында Гүлшара Әбдіқалықова №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп
    лицейінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан
    күрделі жөндеу жұмыстарын тексеріп, сапаға мән беруді және уақытылы бітіруді
    тапсырды. Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында Шиелі ауданына 3 млрд.астам қаржы
    бөлініп, 21 жоба жүзеге асырылуда.

    Сондай-ақ, өңір басшысы Шиелі индустриалды аграрлық колледжінде қосымша
    дайындалған 100 орындық провизорлық орталықққа барды. Бұл ғимарат науқастар саны
    көбейген жағдайда пайдаланылады. Айта кетеу керек, колледждің ғимаратында
    медициналық бетперде, халат тігетін цех те жұмыс жасауда.

    қатысты посттар

    Қызылордада азық-түлік бағасының тұрақтылығы бақылауда

    Фариза

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Сырдариядағы мәдениет үйі жөндеуден өтуде

    Фариза

    «Адам жасап сататын фабрикадан» 19 әйел құтқарылды

    Пікір қалдыру

    7 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.